Жолаушыларды тасымалдау ережелерін бұзғандарға 6,2 млн теңге айыппұл салынды

Жаңалықтар
13.07.2021, 09:17
Асель Шайхынова

Корреспондент газеты «Қазақстан теміржолшысы»

ҚР ИИДМ Көлік комитеті жыл басынан бергі бес ай ішінде жылжымалы құрам мен теміржол инфрақұрылымына жүргізілген тексеру жұмысын қорытындылады. Осы кезеңде көліктік бақылау органдары темір жолдың 6730 шақырымнан астамын, жылжымалы құрамнан 3874 пойызды, теміржол қызметіне қатысы бар 149 кәсіпорынның жай-күйін тексерді. Жыл басы 1 қаңтардан 1 маусымға дейін теміржолда қозғалыс қауіпсіздігін бұзудың 509 жағдайы тіркелген. Аудиторлар қозғалыс қауіпсіздігінің бұзылуының негізгі себептеріне – жолдар мен жылжымалы құрамның техникалық жағдайын дұрыс сақтамауын атап отыр. Инспекция қорытындысы бойынша 314 темір жол және бағыттамалы бұрмалар, 246 жылжымалы құрамды пайдалану тоқтатылды. Тексеру барысында теміржол көлігінің қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық актілер талаптарының 2359 рет бұзылғаны белгілі болды. Салынған айыппұлдардың сомасы 28 миллион теңгеге жуықтады. Арнайы шара барысында 385 жолаушылар пойызы тексеріліп, жолаушыларды тасымалдау ережелерін бұзудың 818 жағдайы анықталды. Атап айтқанда, техникалық бөлім бойынша – 513, өртке қарсы қауіпсіздік бойынша – 18 кемшілік анықталды. Тәртіп бұзушыларға 6,2 млн теңге айыппұл салынды. Пәкістанның Пенджаб провинциясында 73 жолаушының өмірін қиған қайғылы оқиғадан кейін, жолаушылар пойыздарында өрт қауіпсіздігінің сақталуын және вагондардың техникалық жай-күйін бақылауды көліктік бақылау органдары ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің құрылымдық бөлімшелері және «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-мен бірлесіп, мұқият жүргізуде. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР ИИДМ Көлік комитеті жолаушылар пойыздарына билеттердің қолдан жасалған тапшылығын жою бойынша жоспарлы жұмыс жүргізуде. Осы жылы 17 маусым мен 16 шілде аралығында Қазақстан теміржол вокзалдарының аумағында билет алып-сатарлар ісін жою бойынша операция жүргізілуде.

Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда теңіз жүк тасымалының көлемі 7,2%-ға өсті