Маңғыстау облысына шөп тиелген келесі вагондар легі жөнелтілді
Оқуға 1 мин
Маңғыстау облысына шөп тиелген келесі вагондар легі жөнелтілді, деп хабарлайды Rail-news.kz «ҚТЖ» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сарыағаш және Арыс станцияларында вагондарға шөп басу ісі қарқын алды.
17 шілдеге берген ақпарат бойынша, Маңғыстау облысына 33 вагон нығыздалған шөп жіберілген. Оның ішінде 15 вагонды «ҚТЖ»ҰҚ» АҚ беріп отыр.
Мал азығын жіберу ҚТЖ серіктестері «Шынгар Транс» ЖШС, «ПроммашKZ» ЖШС, «Integra Construction KZ» ЖШС, «Бастау Транс» ЖШС, «Актюбинский рельсобалочный завод» ЖШС қаржылай қолдауымен жүзеге асты. Оған қоса тағы 7 вагон жүк тиеуге дайын тұр. Оларды жөнелту ертеңге жоспарланған.
Қосымша вагондарға өтініштер әлі де көбеюі мүмкін. ҚТЖ ҰК көлікпен қамтамасыз ету мен жүкті жөнелту мәселесін өтініштердің санына қарай біртіндеп шешіп отырады. Вагондардың станцияларда тұрғаны үшін ешқанда ақы алынбайды.