«Қазтеміртранс» АҚ Басқарма Төрағасы болып Еркін Базарханов тағайындалды, деп хабарлайды Rail-news.kz. Ол еңбек жолын бұрынғы Талдықорған облысында бастаған. Жеке құрылымдарда, мемлекеттік органдарда, соның ішінде орталық және жергілікті атқарушы органдардың аймақтық бөлімдерінде, ҚР Президенті әкімшілігінде түрлі қызметтер атқарған. «Қазтеміртранс» АҚ Басқарма Төрағасының міндетін атқарушы Ғалым Қашқынбаев өз еркімен қызметтен кетті. «Қазтеміртранс» АҚ - ҚР жүк вагоны паркінің ірі операторы. Компания жүк вагондарымен қамтамасыз ету, темір жол көлігін жалға беру, металл жиынтықтарын сақтау және пайдалануға берумен айналысады.