Нұрлан Сауранбаев теміржолшыларды кәсібі мерекесімен құттықтады
Жаңалықтар
30.07.2021, 08:53
Құрметті теміржолшылар! Сіздерді көлік қызметкерлері күнімен құттықтап, мерекелік көңіл-күй үстінде ақ тілегімді жолдаймын! Қара жолды сара жолға жалғастырып, даланы қаламен байланыстырудағы игі істеріңізге сәттілік тілеймін!
Сан салалы біздің тіршілікте түрлі кәсіптің жауапкершілігін арқалап, жол үстінде жүрген әр маманның орны бөлек. Өйткені Ұлттық компанияның бүгінгі өркен жаюы – шеберлер еңбегінің нәтижесі. Сіздер мен біздер көсегесін көгертпекке бекінген темір жол саласы қай заманда да ерекше маңызға ие. Бір ғасырдан астам уақыт бұрын қырдағы ел мен ойдағы елді «алақайлатып» қазақ даласына келген «отарба» қазіргі уақытта ел экономикасын алға сүйреп келеді. Аймақтардың көркеюі, қалалардың гүлденуі, өнеркәсіп өрісінің кеңеюі – бұның бәрінде темір жолдың үлесі зор.
Осындай жауапкершілік жүгін жете сезінген біздің жұмыскерлер тарих таразысына сай алдыңғы буын өкілдерінің даңғыл жолын лайықты жалғастырып келеді. Мыңдаған теміржолшылардың арқасында тәуелсіздік жылдары елімізде 2,5 мың шақырымдай жол салынды, көлік дәліздері даму үстінде. Бұл 30 жылда іске асырған шаруалардың бір парасы ғана. Жеткен жетістік аз емес, келешекте алар асу одан да көп боларына сенім мол.
Сондықтан, қадірлі әріптестер, қажырлы еңбектеріңіз бен кәсібіне жан-тәнімен берілген адалдықтарыңыз үшін сіздерге ризашылығымды білдіргім келеді. Биыл темір жол саласын дамытуға қосқан үлесі үшін ҚТЖ компаниялар тобы- ның 944 қызметкері түрлі наградаларға ұсынылды. 55 әріптесіміз «Құрметті теміржолшы», 131 қызметкер «Адал еңбегі үшін» белгісімен марапатталды. 80-нен астам теміржолшыға «Кәсібі бой- ынша үздік» және «Үздік маман» салалық атақтары берілді.
Мереке күні ардагерлерімізге де ыстық ықылас білдіреміз. Әрдайым болар істің басы-қасында жүріп, темір жол шежіресін жазған еңбек майталмандары қашанда сый-құрметке лайық. Қадірменді арда- герлер! Қазақ шойын жолының дамуына сіңірген еңбектеріңіз үшін сіздерге алғыс айтамыз.
Құрметті теміржолшылар! Кәсіби мерекемен құттықтай отырып, сіздерге зор денсаулық, таудай талап, қажымас қайрат тілеймін. Көздеген мақсат-мұраттарыңызға жетіп, шаңырақтарыңыздан бақ-береке кетпесін!
Нұрлан САУРАНБАЕВ, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы
Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті