Өзбектер Ақтау порты арқылы тамсымалданатын жүктерінің еселенуіне мүдделі

Жаңалықтар
06.08.2021, 09:38
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Ақтау портына Өзбекстан Республикасының Көлік министрі Илхом Махкамов пен «Узбекистон темір йуллари» (УТЙ) АҚ басшысы Хуснутдин Хасилов бастаған делегация келді. Мәртебелі меймандарды «Ақтау теңіз сауда портының» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Абай Түрікпенбаев Ақтау портының инфрақұрылымдық мүмкіндіктерімен таныстырды. Биылғы жылдың сәуір айында Ташкент қаласында «АТСП» ҰК» АҚ мен «УТЙ» АҚ арасында екіжақты ынтымақтастықтың негізгі қағидаттары мен мақсаттарын айқындайтын өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылғаны белгілі. Өзбекстан делегациясының осы жолғы жауап сапары тараптардың халықаралық мультимодальдық тасымалдарды ұлғайту жөніндегі ниеттерін іске асыру жолындағы практикалық қадам болып отыр. Мәжбүрлі шектеулерге қарамастан, Ақтау порты арқылы өзбекстандық контейнерлік жүктерді тасымалдау көрсеткіштері өсуде. Мәселен, 2019 жылы 210 ЖФЭ контейнер болса, 2020 жылы бұл көрсеткіш 1 477 ЖФЭ-ні құрады. Өзбекстандық жүк жөнелтушілердің өткізу нарықтарына жүктерді жеткізу бойынша әлеуетті қызығушылығы – бұл Ақтау порты арқылы қолданыстағы бағдарларды толтыруға және перспективалық бағыттарды дамытуға нақты алғышарттар болмақ. Еске сала кетсек, «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаев Өзбекстанның Көлік министрі Илхом Махкамовпен және «Узбекистон темир йуллари» АҚ басшысы Хуснутдин Хасиловпен теміржол көлігі саласындағы ынтымақтастық мәселелері бойынша келіссөздер жүргізгені жайлы хабарлаған болатынбыз. Тараптар теміржол көлігін дамыту бойынша екі ел үкіметтерінің бірлескен бастамаларын орындауды басшылыққа ала отырып, тасымалдау көлемін одан әрі арттыру мәселелерін талқылады. Ағымдағы жылдың алты айында екі ел арасында 12 млн тоннадан астам жүк тасымалданған.

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті