Түркістан облысында өткел бойынша кезекші контейнердің өрт шалғаның анықтады, деп хабарлайды Rail-news.kz.  Бүгін сағат 15.25-те Түркістан облысының Түлкібас-Арыс учаскесінде өткел бойынша кезекші Нұсқаулық бойынша өтіп бара жатқан жүк пойызының жай-күйін бақылау кезінде, контейнерлердің бірінің түтінденгенің байқады. Ол көргендері туралы радио арқылы пойыз машинисіне хабарлады. Құрамды тексеру барысында локомотив бригадасы контейнердің өртене бастағаның анықтады. Арыс станциясына өрт сөндіру машинасы мен өрт пойызы шақырылды. Тұтанған өртті оқшаулау бойынша шаралар қабылдануда. Қазақстандық меншік иесінің контейнері Қазақстан аумағы арқылы Ресейге, одан әрі Үндістанның Нава-Шева теңіз портына жөнелтілген. «ҚТЖ» ҰК» АҚ-да оқиғаның себептерін тексеру бойынша комиссия құрылды. Алдын ала тексеріс қорытындысы бойынша жүк жөнелтуші тиеудің техникалық шарттарын бұзған.