"Ashyq" бағдарламасы енгізілген сәттен бастап республикалық және облыстық маңызы бар қалалар вокзалдарында "қызыл" мәртебесі бар 296 және "сары" мәртебесі бар 177 адам анықталды, деп хабарлайды Rail-news.kz «ҚТЖ» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Өзін-өзі оқшаулау режимін бұзушылардың ең көп саны елордада тіркелген. Нұр-Cұлтан вокзалында 121 адам анықталса, осындай ережелерді елемейтін қазақстандықтардың саны Нұрлы жол вокзалында да байқалды.
Вокзал ғимараттарына "қызыл" және "сары" мәртебесі анықталған адамдар жіберілмейді. Бұзушылар туралы уәкілетті органдар бекіткен алгоритмге сәйкес тиісті іс-шаралар жүргізетін вокзалдардағы СЭС қызметкерлеріне хабарланады.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Ashyq және бейтарап QR кодымен Kaspi.kz қосымшасынан өз мәртебелерін алдын ала тексеруді сұрайды.