Жаппай Covid-19 қарсы екпе алудың арқасында ҚТЖ-да қызметкерлер иммунитетінің жалпы деңгейі 77% жетті, деп хабарлайды Rail-news.kz «ҚТЖ» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 2021 жылғы 18 тамыздағы жағдай бойынша компанияның 81 мыңнан астам қызметкері екпе алды. Бұл ретте, жалпы вакцина қабылдағандардың 73,8% бірінші компонент алса, ал екіншісімен қамтылғандар саны 61,4% жетті. Тек соңғы аптада вакцинацияланған теміржолшылар саны 1100 астам адамды құрады. Темір жолда екпе қабылдау бойынша тұрақты түсіндіру жұмыстары жалғасуда. Бүкіл ел бойынша болат магистраль қызметкерлері дәрігерлермен онлайн-кездесулерге белсенді қатысуда және «Сovid-19-ға қарсы вакцина» тақырыбында дәрістер тыңдайды.
Негізінен, вакцина алу өндірістен қол үзбей, депо мен станцияларда жұмыс істеп тұрған медициналық кабинеттерде жүргізіледі. Бұл ретте,⠀ қызметкерлерді егу алдында терапевт дәрігер сол жерде әрдайым тексеру жүргізеді және вакцина алу мүмкіндігін анықтайды.
Айта кетейік, Қазақстан аймақтарында вакцинаның үш түрі – қазақстандық QazVac, қытайлық Sinopharm фармацевтикалық кешенінің Vero Cell және ресейлік «Спутник V» вакциналары қолжетімді. Бүгінгі таңда өңірлер бойынша көшбасшылар арасындағы алғашқы бестікте – Көкшетау, Орал, Қызылорда, Шымкент және Тараз.