Соңғы аптада "ҚТЖ" ҰК" АҚ-да Covid-19-дан 1400 қызметкер вакцинацияланды. Осылайша, компанияның егілген қызметкерлерінің жалпы саны 83 мыңнан асты, деп хабарлайды Rail-news.kz. Өңірлер бойынша екінші апта қатарынан алғашқы бестікте Көкшетау, Орал, Қызылорда, Шымкент және Тараз қалуда. Бұл ретте Көкшетауда теміржолшылардың 98,9% егілді.

Толықтай алғанда, Компания бойынша бірінші компонентпен егілгендердің жалпы көрсеткіші 75,5%, екіншісі - 67,2% құрады.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда вакцинаның үш түрі бар – қазақстандық QazVac, қытайлық Sinopharm фармацевтикалық кешенінің Vero Cell, ресейлік "Спутник V". Әрбір теміржолшы екпені өз қалауы бойынша таңдайды.