Арнайы комиссия локомотивтердің қысқа дайындығын тексеруге кірісті

Жаңалықтар
17.09.2021, 11:36
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Еліміздегі локомотив пайдалану деполарында жыл сайынғы дәстүрлі күзгі комиссиялық байқау басталды. Тартымдық жылжымалы құрамдардың алдағы қатал маусымда, қалың қар, үскірік аяз бен боранды ауа-райында жұмыс істеуге дайындығын тексеру – қысқа қамданыс қамы. – Ағымдағы жылдың 10 қыркүйегі мен 31 қазан аралығында локомотивтерге күзгі комиссиялық байқау жүргізу және оларды қыста пайдалану режиміне ауыстыру бойынша жұмыстарды уақытылы орындау мақсатында үстіміздегі жылдың 1 қыркүйегінде ГПИТ/9650 факсограммасы барлық локомотив пайдалану деполарына жіберілді. Тексеру кезінде әр локомотивтің техникалық, эстетикалық және өртке қарсы жағдайы бағаланатын болады. Тартымдық қызмет көрсететін жылжымалы құрамдардың жүйелері сенімді де мүлтіксіз жұмыс істеп тұру керек. Сондықтан толықтай тексеру, жазғы жанар-жағармайлар мен отынның қысқы түріне ауыстырылғанына талдау жүргізілетін болады, – дейді «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Локомотив шаруашылығы департаментінің менеджері Түктібай Ақынбеков. Айтуынша, биыл күзгі комиссиялық байқаудан 1485,5 бірлік локомотив өтеді екен, соның ішінде 2ТЭ10 сериялы – 42 тепловоз, ТЭМ – 216, ЧМЭ – 51 бірлік, 2ТЭ10МК/ВК – 162 бірлік, ТЭ33А/Ас – 332 бірлік, ТЭП33 – 32, СКД6/ТЭМ KZ – 115 бірлік. Ал электровоздарға келсек, ВЛ80 – 391,5 бірлік, ВЛ40 – 14 бірлік, ВЛ60 рельсмайлағыш – 2 бірлік, KZ4Ас – 25 бірлік, KZ4Ат – 25, KZ8А –70 бірлік. Күзгі комиссиялық байқау кезінде қыс маусымында пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, жұмысты ұтымды ұйымдастыра білетін локомотив бригадаларының білімдерін арттыруға айрықша назар бөлініп отыр. «Алғашқы қыстаушылар» қатал маусымда жұмыс істеу қыр-сырына үйретіліп, тәжірибелі мамандарға бекітілген. Қолдағы деректерге сүйенсек, биыл бірінші қысқа 186 машинист және 275 көмекші, яғни барлығы 461 адам шыққалы отырған көрінеді. Яғни, машинист «алғашқықыстаушы» болса, оның жанындағы машинист көмекшісі көп жыл тәжірибесі бар маман. Ал биыл бірінші рет қатал маусымда жұмыс істеп, біліктілігін шыңдағалы отырған машинист көмекшісі автоматты түрде тәжірибелі локомотив жүргізушісінің жанына бекітіледі. Орталық аппаратта күзгі комиссиялық байқаудың өткізілу барысын бақылауға алып, кейінірек аймақтарға тексеруге шығатын комиссия құрылған. Ел өңірлерінде ККБ комиссиясына жүк тасымалы бөлімшелерінің басшылары жетекшілік етеді. Комиссия құрамына ҚТЖ-Жүк тасымалы, Магистральдық желі бөлімшелері, ревизорлар, тағысын тағы құзырлы мамандар кіріп отыр. Күзгі комиссиялық байқау алдағы қазан айының 30-да мәресіне жетпек. Байқау нәтижесі бойынша локомотивтердің жағдайы мен олардың қыс маусымында тұрақты жұмыс істеуге дайындығын растайтын куәлік беріледі.

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті