Күні кеше 80 жылдық мерейтойы кең көлемде аталып өткен көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Нығметжан Есенғариннің атына еліміз бен шет елдерден құттықтау жеделхаттары толассыз келіп түсуде. Мерейтой иесін Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев, Үкімет басшысы Асқар Мамин құттықтады. Сондай-ақ, құттықтау жеделхаттары Теміржол ынтымақтастығы ұйымынан, Ресей және Украина сынды көрші ел темір жолдарынан да келген.