2025 жылға қарай жолаушыларға арналған 295 жаңа вагон пайдалануға беріледі

Жаңалықтар
05.10.2021, 10:54
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Болашақта Қазақстандағы жолаушылар пойыздарында дизельді генератормен электр энергиясы өндірілетін және сол арқылы жылытылатын заманауи вагондар болады деп жоспарлануда. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Теміржол көлігі және жолаушылар тасымалы басқармасының басшысы Елдос Нестай мәлімдеді.

– 2025 жылға дейін 295 жаңа вагон сатып алуды жоспарлап отырмыз. Негізгі бағыттар Алматы- Маңғыстау, Алматы-Атырау, Нұр-Сұлтан-Арқалық, Нұр-Сұлтан-Сарыағаш, Нұр-Сұлтан-Маңғыстау бағыттары бойынша болады. Біз сұраныс пен тозу көрсеткіші жоғары бағыттарды зерттейміз. Вагондар отандық «Тұлпар» зауытында сатып алынады. Жаңа стратегиялық серіктестікті анықтау бойынша жұмыс жүріп жатыр. Бұл дизельді генератор арқылы өндірілетін электрмен жылытылатын заманауи вагондар болады деп жоспарлануда. Яғни, экологияға жағымды әсер етеді. Пойызда көмір жағу жолаушыларға да белгілі бір қолайсыздықтар туғызатынын түсініп отырмыз, – дейді ол.

Оның айтуынша, Қазақстанда жыл сайын 100-ге жуық вагон сатып алынады. Қазір қолданыста 2600 жолаушы вагоны бар. Былтыр 100 вагон, 2019 жылы 109 вагон сатып алынса, биыл 94 вагон сатып алу жоспарлануда. Бір вагонның құны шамамен 450 млн теңгеге жетеді. Сондықтан министрлік тасымалдаушы- ларға мемлекеттік қолдау көрсетеді. Бұл, ең алдымен, төмен пайыздық мөлшерлемемен жеңілдетілген несие беру. Осының есебінен тасымалдаушылар вагондарды жаңартады.

«Жалпы, елімізде вагондар- дың тозуы шамамен 46%. Халықтың вагондардың ескіргені туралы наразылығы әділетті. Сондықтан бұл мәселе тұрақты бақылауда. Сонымен қатар, жаңа вагон сатып алу барысында біз мүмкіндігі шектеулі жандардың жағдайын ескереміз», – дейді Е.Нестай Жаңа вагондарда мүмкіндігі шектеулі жолаушы- ларға арналған купе мен арнайы көтергіштің болуы талап етіледі.
Жаңалықтар
25.08.2026
Бурабай курортының теміржолшысы 100 жылдық мерейтойын атап өтті
Жаңалықтар
25.08.2026
ҚТЖ жаңа жылыту маусымына 19,5 млн тоннадан астам көмір жеткізді
Инфрақұрылым
25.08.2026
Алпыс сағаттық ауқымды жұмыс
Аймақтар
25.08.2026
Үздік жолшылар ұжымы – Құлсарыда
Аймақтар
25.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар жүк тасымалын табысты үйлестіріп отыр
ҚТЖ келбеті
25.08.2026
Қауіпті ақауды дер кезінде таныған маман
Әлеумет
25.08.2026
Ізгі дәстүр: Теміржолшылар бірінші сыныпқа баратын балаларға қолдау көрсетті
Аймақтар
25.08.2026
Ұрлық түбі – қорлық
Жаңалықтар / Мұрағат
25.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №67 25 тамыз 2026 жыл
Қауіпсіздік
24.08.2026
Қауіпсіздікке талап қашан да жоғары
Әлеумет
24.08.2026
Жамбылда 235 бүлдіршінге мектеп құралдары берілді
Жаңалықтар
24.08.2026
ҚТЖ Trip Optimizer және Kinetix-ті қолдануды кеңейтеді
Трансформация
24.08.2026
Олжас Бектенов көлік саласының трансформациясын тексерді
Жүк тасымалы
24.08.2026
Елімізде теміржол транзитін автоматтандыру аясы кеңейді
Жаңалықтар
24.08.2026
Қазақстан теміржол транзитін рәсімдеуді алты есе жылдамдатты
Жүк тасымалы
24.08.2026
Биыл ҚТЖ желісімен 184,4 млн тонна жүк тасымалданды
Жаңалықтар
24.08.2026
Қараусыз қалған мал жүк пойызының шұғыл тежелуіне себеп болды
Аймақтар
24.08.2026
Павлодарлық теміржолшылар жас спортшыларға қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Аймақтар
23.08.2026
Ақтөбе вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
23.08.2026
Қостанай облысында Тобыл вокзалын қайта жаңарту аяқталды