40 жылдық еңбек өтілі бар екі қызметкерді зейнетке шығарып салды

Жаңалықтар
15.10.2021, 12:37
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС ұжымы Құрметті теміржолшы, өндірістік-техникалық департамент менеджері Марат Кеңпейілов пен Ақмола ЖТ бөлімшесі зертхана бастығының орынбасары Шахизада Даукенованы құрметті демалысқа шығарып салды. Бұл кісілер жалпы теміржол саласында 40 жылдан астам, соның ішінде 20 жыл бойы осы ұжымда тапжылмай жұмыс істеген. Әріптестері екі қызметкерді де өз ісіне жауапты, жұмыстарында тиянақты, білікті мамандар деп бағалайды. Серіктестіктің бас директорының орынбасары Қанат Көбесов компания ұжымы мен басшылығы атынан ардагерлерге теміржолдағы көп жылғы ерен еңбектері үшін алғыс білдірді. Марат Кеңпейілов еңбек жолын Гурьев локомотив депосының инженер-механигі болып бастаған. Кәсіпорын құрылған сәттен бастап «Локомотив» АҚ бас маманы, өндірістік-техникалық бөлім бастығының орынбасары болып жұмыс істепті. Ал «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-да 2016 жылдан бері өндірістік-техникалық департаментте жұмыс істеп келеді. 2018 жылы «Құрметті теміржолшы» белгісімен марапатталған. Ал Шахизада Абайқызы еңбек жолын Ақтөбе-Тауарлы станциясының бағыттамалық қосынында кезекші болып бастап, әр жылдары жүктерді қабылдап-жөнелтуші, станция бойынша кезекші болып еңбек еткен. Кейін Ақтөбе жол бөлімшесі жүк және коммерциялық жұмыс қызметінде техникалық кеңсе операторы, тасымалдау бөлімінің инспекторы, инженер-технолог қызметтерін атқарған. Арқа өңіріне қоныс аударғаннан бері Ақмола бөлімшесі зертханасының жетекші инженері болып жұмыс істеп, зертхана бастығының орынбасары лауазымына дейін көтерілген. Ұжымдастары екі зейнеткердің еңбек жолы, кәсіби және адами қасиеттері жас буынға үлгі болатынын атап өтті.

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті