2021 жылдың миллионыншы жолаушысына «Нұрлы жол» вокзалында тосынсый жасалды

Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«Нұрлы жол» темір жол вокзалы кешенінде №67 «Өскемен – Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол» бағытындағы Тальго пойызынан 2021 жылдың миллионыншы жолаушысы келіп түсті. Ол жеті-сегіз шамасындағы бүлдіршін қыз Виктория Кран екен, деп хабарлайды Rail-news.kz. Виктория анасы Наталья Кранмен бас шаһарға бет алған Тальго пойызына Павлодар қаласынан түнгі сағат 3 шамасында отырыпты. Таңғы сағат 10-ға таяу «Нұрлы жол» теміржол вокзалына келіп тоқтаған пойыздың 4-ші вагонынан түскен миллионыншы жолаушыға «Жолаушылар тасымалы» АҚ серіктесі «Казтехнолоджи» компаниясымен бірге соңғы буын «IPAD» гаджетін, сымсыз құлаққап, тәтті шоколадтар салынып, әдемі безендірілген себет және керемет екі – бірі үлкен, екіншісі кішігірім гүл шоқтарын сыйлады. Миллионыншы жолаушының анасы Наталья Кран бұл тосынсыйға таңырқағаннан аузына сөз түспей тұрғанын айтып, «Жолаушылар тасымалы» АҚ өкілдеріне шексіз алғысын білдірді. Ал Виктория болса, пойызбен жүрген ұнағанын, енді ұшақпен ұшқысы келетінін жеткізді.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ «Kaztechnology» ЖШС-мен ұзақ мерзімді келісімшартқа отырған. Серіктес компания Тальго пойыздарында мультимедиялық портал қызметін көрсетеді. Біз жаңағы ұзақ мерзімді келісімшарт шеңберінде жыл сайын еліміздің өңірлеріне 15 бағыт бойынша қатынайтын Тальго пойыздарының жолаушылары арасынан миллионыншы жолаушыны анықтап, оларға сыйлық тартуды дәстүрге айналдырдық. Биылғы миллионыншы жолаушы Өскемен – Нұр-Сұлтан жолаушылар пойызына Павлодар қаласынан билет сатып алған Виктория есімді кішкентай қыз болып шықты. Әрине, анасы сатып алса керек, анасымен бірге түсті пойыздан. Мұндай акциялар Тальго пойыздарының жолаушыларының арасында ғана жүргізіледі және ол адамдарға мотивация береді деген ойдамыз», – дейді «Жолаушылар тасымалы» АҚ «Экспресс» филиалының Сервистік қызмет көрсету бөлімінің бастығы Сұлтан Сырлыбаев.
Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті