2 наурыздан бастап Атырау-Астрахань пойызы шекараға дейін қатынайды

Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Әлемді шарпыған коронавирус пандемиясы басталған 2020 жылдан бері карантиндік шараларға байланысты тоқтап қалған Атырау-Астрахань пойызы қайтадан жолға шығады, дп хабарлайды Rail-news.kz.

Айта кетелік, халықтың сұрауы бойынша былтырғы жылдың 17 тамызынан бастап қаламаңына «Атырау-Дина Нұрпейісова» бағытындағы жергілікті жолаушы пойызы жүре бастаған болатын. Ал «Otpan Logistic» компаниясы аталған бағыттағы жолаушылар тасымалы тендерін жеңіп алған.

Енді бұл бағыттағы бұрынғы маршрут қайта жаңартылып, 2 наурыздан бастап «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Жолаушылар тасымалы» АҚ ұйымдастыруындағы №№625/626 «Атырау-Астрахань» пойызы өз маршрутын бастамақ. Дегенмен, соңғы аялдама әзірге шекарадағы Дина Нұрпейісова станциясы болып тұр.

Өйткені шекара теміржолдың жолаушы тасымалы үшін әзірге жабық.

Атырау вокзал шаруашылығы бөлімінің бастығы Айбек Қуанышевтің айтуынша, ескі-жаңа маршрутта 4 плацкарт және екі купе вагоны болады. Пойыз күнара тақ күндері жүреді. Билеттер қазірден бастап сатылымға шығарылған. Пойыз күндізгі сағат 14-те Атырау станциясынан қозғалып, Д.Нұрпейісоваға түнгі 24.00 шамасында барады.

Одан бөлек әлеуметтік желіде Атырау-Астраханьға 4 сағатта жететін, екі купе, екі плацкарт вагоны бар жүрдек пойыз шығады деген ақпарат желдей есіп жүр. Бірақ вокзал шаруашылығы бөлімінің бастығы А.Қуанышев орталықтан ондай ақпараттың келмегенін мәлімдеді.

Жүк тасымалы
23.09.2026
KTZ Express Үндістанға жасымық жөнелтті
Әлемде
23.09.2026
Қырғызстан Wabtec компаниясынан 10 жаңа локомотив сатып алмақ
Жаңалықтар
23.09.2026
Ақмола облысында Атбасар вокзалын жөндеу аяқталды
Жаңалықтар
23.09.2026
ҚТЖ локомотив паркін қысқы тасымалдауға дайындауда
Әлемде
23.09.2026
CRRC энергия үнемдейтін SmartMetro пойызын таныстырды
Жаңалықтар
23.09.2026
Қазақстан вокзалдары жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты
Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді