Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында теміржол және су көлігі комитеті төрағасы Жәнібек Тайжанов мәлім етті, деп хабарлайды Rail-news.kz.  

Өткен жылдың қорытындысы бойынша теміржол көлігімен 20,8 миллион жолаушы тасымалданды (өсім 6 пайызды құрады). Биыл 22 миллион жолаушы, оның ішінде жазғы кезеңде 7 миллион жолаушы тасымалданады деп күтілуде.  

Биыл Алакөлге, Балқашқа, Шымкентке, Алматы мен Астана қалалары арасында қатынайтын 12 қосымша бағыт қамтамасыз етіледі.

Олардың қатарында:

1. № 253/254 «Астана – Достық» (Тальго);

2. № 207/208 «Алматы – Достық» (Тальго);

3. № 211/212 «Алматы – Достық» (Тальго);

4. № 221/222 «Алматы – Достық»;

5. № 457/458 «Семей – Достық»;

6. № 459/460 «Өскемен – Достық»;

7. «Алматы – Достық»;

8. «Қызылорда – Достық»;

9. «Павлодар – Достық»;

10. № 201/202 «Астана – Алматы»;

11. № 203/204 «Астана – Шымкент»;

12. № 219/220 «Қарағанды – Балқаш».

Бұл шаралар қосымша 300 мың жолаушыны тасымалдауға мүмкіндік береді.

Жолаушылар ағыны артқан сайын қолданыстағы пойыздардың құрамы кезең-кезеңімен ұзартылады (қосымша вагондар жалғанады). Бұл шамамен 1 миллион қосымша орынды қамтамасыз етеді.