Comfort+ санатындағы жаңа электропойыз «Астана – Қарағанды» бағытына жолға шықты

Жолаушылар тасымалы
11.06.2025, 15:00
Оқуға 2 мин

«Жолаушылар тасымалы» АҚ жолаушыларға арналған қызмет сапасын арттыру мақсатында №6857/6858 «Астана – Қарағанды» бағыты бойынша жаңа үлгідегі Comfort+ санатындағы электропойызды іске қосты. Үшінші класты бұл заманауи құрам жоғары жайлылықты қамтамасыз етіп, қазіргі заманғы еуропалық стандарттарға толық сай келеді. Алты вагоннан тұратын пойыз 576 жолаушыға арналған. Салон кең әрі жарық, интерьері жаңаша, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Жаңа электропойызда барлық жолаушылар үшін қолайлы жағдай жасауға баса назар аударылған.  Әр вагонда биотуалеттер орнатылған, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған арнайы санитарлық тораптар бар. Құрамның екі жағында орнатылған көтергіш құрылғылар мүмкіндігі шектеулі жолаушылардың пойызға еркін және кедергісіз кіруіне толық мүмкіндік береді.

Қарт адамдар мен балалармен бірге жүрген жолаушылар үшін автоматты табалдырықтар орнатылған. Сондай-ақ, әр орында құрылғыларды қуаттауға арналған USB-розеткалар бар. Вагон ішінде жеңіл тағам мен сусын алуға арналған вендинг автоматтары қойылған.

Пойыздың сыртқы келбеті де жаңартылып, Ұлттық тасымалдаушының бірыңғай фирмалық стиліне сай безендірілген. Машинист кабинасы көп позициялық реттелетін, эргономикалық жайлы орындармен жабдықталған, бұл ұзақ сапар кезінде еңбек жағдайын едәуір жеңілдетеді.

Электропойыз күн сайын, кестеге сәйкес, тұрақты түрде қатынайды. Билет құны – 3 202 теңге.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ жылжымалы құрамды кезең-кезеңімен жаңарту бағдарламасы аясында маусым айының соңына дейін бірінші, екінші және үшінші санаттағы тағы алты жаңа электропойызды пайдалануға беруді жоспарлап отыр.

Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді