ҚТЖ «Алматы – Новосибирск» бағытына жаңа вагондарды жолға шығарды

Жолаушылар тасымалы
30.11.2025, 19:02
Оқуға 2 мин

«Жолаушылар тасымалы» АҚ паркі Петропавл зауытында шығарылған 20 жаңа жолаушылар вагонымен толықты. Заманауи вагондар бүгіннен бастап №301/302 «Алматы – Новосибирск» бағыты бойынша қатынай бастады, деп хабарлайды Rail-news.kz.  

Бұл жаңашылдық жолаушыларға қолайлы жағдай жасап, тасымал сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Жаңа вагондар тіркелген алғашқы пойыз бүгін Алматы вокзалынан сапарға аттанды.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, жолаушылар вагоны паркін жаңарту және жаңғырту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Бұл – біздің компанияның стратегиялық басымдығы. Бүгін «Алматы – Новосибирск» бағытына жаңартылған құрам шықты. Бұл өзгерістер халықаралық көлік қатынасын дамытудағы маңызды кезең болмақ», — деп атап өтті жаңа вагондардың таныстырылымында «Жолаушылар тасымалы» АҚ Бас директоры Дияр Нүсіпқожанов.

Пойыздың әр құрамы 10 вагоннан тұрады: 5 купе және 5 плацкарт. Олар бір бағытта 400-ден астам жолаушы тасымалдауға есептелген. Пойыз жұп күндері қатынайды: Алматы станциясынан сағат 14:50-де шығып, Новосибирск станциясына 08:58-де (РФ уақытымен) жетеді. Кері бағытта Новосибирскіден 14:55-те шығып, Алматыға 07:45-те (ҚР уақытымен) келеді.

Вагондар дизайн, қауіпсіздік, сенімділік және жайлылық жөніндегі заманауи талаптарға сай жасалған. Купелерде эргономикалық жатын орындар, жеке жарық шамдары, USB-порттар және электр розеткалары орнатылған. Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға арнайы купелер мен арбаға арналған орындар, сондай-ақ жолсерікті шақыру түймесі қарастырылған. Жаңа вагондар қызмет ету мерзісі 40 жыл.  

Соңғы екі жылда «Жолаушылар тасымалы» АҚ RWS Wagon (ЗИКСТО) зауытынан 237 вагон сатып алды, оның ішінде №301/302 «Алматы – Новосибирск» бағытына қосылған 20 вагон да бар. Жаңа вагондар сондай-ақ «Ақтөбе – Атырау», «Павлодар – Түркістан», «Павлодар – Алматы», «Қызылорда – Семей», «Алматы – Саратов», «Алматы – Өскемен», «Астана – Көкшетау», «Астана – Бурабай курорты», «Қарағанды – Астана» бағыттарында да қызмет көрсетуде.

2025–2026 жылдары Ұлттық тасымалдаушы RWS Wagon (ЗИКСТО) зауытында шығарылатын жаңа «45» үлгісіндегі тағы 100 вагонды кезең-кезеңімен қабылдап алмақ.

2030 жылға қарай Ұлттық тасымалдаушының вагон паркі 100%-ға жаңартылады.

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды