Сұранысқа сай сервис

Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«Жолаушылар тасымалы» АҚ жолаушыларға көрсетілетін қызметтің сапасы мен қолайлылығын арттыруға бағытталған цифрлық және сервистік шешімдерді жүйелі түрде дамытып келеді.

Бүгінде Ұлттық тасымалдаушы жолаушылар күнделікті пайдаланатын сұранысқа ие алты сервисті ұсынады. Біріншісі, пойыздар қозғалысының онлайн-таблосы – https:// tablo-railways.kz/ru. Онлайн-табло арқылы жолаушылар пойыздардың қозғалысын нақты уақыт режимінде бақылап отыра алады. Мұнда пойыздың кестесі, орналасқан жері, келу және жүру уақыты, сондай-ақ мүмкін болатын кешугілер туралы ақпарат қолжетімді. Бұл сервис жолаушыларға сапарын тиімді жоспарлауға мүмкіндік береді.  

Екіншісі, билет сатып алу сайты – https://bilet.railways. kz. Теміржол билеттерін онлайн сатып алуға арналған компанияның ресми сайты. Қызмет тәулік бойы, комиссиясыз жұмыс істейді. Жолаушылар бағытты, қызмет көрсету класын таңдап, билетті ыңғайлы тәсілмен төлеп, электронды жол жүру құжатын ала алады. Сайтты пайдалану кассаға бару қажеттілігін жойып, уақытты үнемдейді.  

Үшіншісі, https://temirzholy.kz – «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның ресми сайты. Temirzholy.kz ресми сайтында жолаушыларға қажетті барлық негізгі ақпарат бір жерге жинақталған. Мұнда теміржол тасымалы, сервистер, тарифтер мен сапар ережелері туралы өзекті мәліметтерді жедел алуға, сондай-ақ «Жолаушылар тасымалы» АҚ қызметімен толығырақ танысуға болады.  

Төртіншісі, Бірыңғай байланыс орталығы – 1433. Бірыңғай тегін байланыс орталығы жолаушыларға теміржол тасымалына қатысты барлық сұрақтар бойынша кеңес береді. Орталық мамандары пойыз кестесін нақтылау, багажды тасымалдау ережелері, билеттерді қайтару тәртібі және өзге де қызмет көрсету мәселелері бойынша жедел жауап ұсынады.  

Бесіншісі, шағымдар мен ұсыныстарға арналған WhatsApp – +7 776 714 56 86. Қызмет сапасын арттыру және жолаушылармен тікелей кері байланыс орнату мақсатында WhatsApp-чаты жұмыс істейді. Жолаушылар өз шағымын, ұсынысын немесе пікірін жолдай алады. Сонымен қатар пойыздарда QR-кодтар орналастырылған, оларды сканерлеу арқылы жолаушылар WhatsApp-чатқа тікелей өтіп, хабарлама қалдыра алады.  

Алтыншысы, Darmen – жол жағдайы мен ауа райын бақылау жүйесі. Darmen қосымшасы жол жағдайы мен метеорологиялық ахуалды бақылауға көмектеседі. Сервис сапарды жоспарлау кезінде ауа райы факторлары мен жол жағдайын ескеруге мүмкіндік беріп, сапардың қауіпсіздігі мен жайлылығын арттырады.

 

Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Инновациялық идеялар жаршысы
Жаңалықтар / Мұрағат
15.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №73 15 қыркүйек 2026 жыл
Аймақтар
14.09.2026
Түрксібтің төл туындысына – 95 жыл
Жолаушылар тасымалы
14.09.2026
Пойызда үй жануарларын алып жүру кезінде жолаушы нені білуі керек?
Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты