Жолаушылар пойыздарын жазғы маусымға дайындау жұмыстары жүргізілуде

ҚТЖ құрамындағы «Жолаушылар тасымалы» АҚ компаниясы алдағы жазғы маусымға 2 мыңнан астам жолаушылар вагондарын дайындап жатыр. Пойыздарды жазғы маусымға әзірлеу барысында тек техникалық жай-күйіне ғана емес, тазалығы мен қауіпсіздігіне де басты назар аударылуда, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Регламентке сәйкес вагонның астындағы жабдықтар мен дөңгелектерді жоспарлы тексеру, вагондардың сыртын жуу және жүріс бөліктерін тазалау, тамбурлар мен тұтқаларды ішінара сырлау жүргізіледі. Одан бөлек терезелер толық тазаланып, ондағы резеңке таспалар мен тығыздағыштар ауыстырылады. Тексеру жұмыстары барысында барлық ақаулар жойылады.  

Вагондардың ішіндегі санитарлық тораптарды ретке келтіруге айрықша мән беріледі. Дәретхана жүйелері толық тексерістен өтеді және екі кезеңнен тұратын тазалау мен залалсыздандыру жұмыстары атқарылады.

Пойыздар әр сапар алдында арнайы комиссия тексерісінен өтеді. Жолға техникалық жағдайы мінсіз, толық дайындықтан өткен вагондар ғана шығады.

Естеріңізге сала кетейік, бүгінде еліміздің жолаушылар тасымалы нарығында Ұлттық тасымалдаушыдан бөлек тағы басқа 14 жеке компания қызмет көрсетеді.

Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды