«Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның «Қала маңы тасымалы» филиалы 2026 жылғы 1 маусымнан бастап Семей – Жалаңашкөл әлеуметтік маңызы бар теміржол бағыты бойынша жол жүру тарифін 7%-ға өсіреді, деп хабарлайды Rail-news.kz.
Компанияда мәлімдегендей, 2026 жылғы 1 маусымнан бастап Семей – Жалаңашкөл әлеуметтік маңызы бар теміржол бағыты бойынша жол жүру тарифін 7%-ға өсіреді. Бағаның өзгеруі жоспарлы индексацияға байланысты енгізіліп отыр.
Аталған өзгеріс Қазақстан Республикасының «Теміржол көлігі туралы» Заңының 12-тарауы 94-бабының 2-тармағына және «Абай облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2026 жылғы 12 мамырдағы №768/674 хатына сәйкес енгізіліп отыр.