Қаламаңы тасымалы қашан қалпына келеді?

«Тараз-Қаратау-Жаңатас» және «Тараз-Шу» бағытындағы қаламаңы тасымалының тоқтағанына жылға жақын уақыт өтті. Облыс орталығынан шалғай жатқан елді мекендер мен теміржол бойындағы шағын станция тұрғындары үшін тиімді болып келген бұл бағыттың жабылуына бірден бір себеп – қаржы тапшылығы.

Облыс әкімдігі жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары басқармасының басшысы Бақытжан Жәнібековтің айтуынша тек қана «Тараз-Шу» бағытындағы қаламаңы тасымалы бойынша бір жолаушыға кететін шығын 6000 теңгені құрап отыр екен. Билет құны 600 теңге болса, расында дотациялық облыс үшін бұл – үлкен шығын. Бірақ, жергілікті халық үшін әлеуметттік маңызы аса зор жергілікті пойыздың тоқтауы әулиеаталықтарды қатты қынжылтып отырғаны анық. Сондықтан Бақытжан Жәнібековтің: «Тараз-Қаратау-Жаңатас» бағытындағы қаламаңы тасымалы тұрғындардың өтінішімен жақында қайта іске қосылады. Алдымен қыс айларында, яғни желтоқсан, қаңтар, ақпан айларында жүргізуді қолға алмақпыз. Бүгінгі күні тендер өтіп, оны «Қаламаңы тасымалы» АҚ жеңіп алды. Қазірге тендер тек желтоқсан айына өтті, қаңтар, ақпан айлары келесі жылдың еншісінде» деген сөзін сүйінші хабардай қуана қарсы алдық.

– Біз үшін де бұл қуанышты хабар. Өйткені, жоғарыдағы қаламаңы бағытындағы темір жол қатынасы тоқтағанына он ай өтсе де, жолаушылар әлі күнге оған көндіге алар емес. «ТаразҚаратау-Жаңатас» қаламаңы тасымалы бағытын ұтып алған «Қаламаңы тасымалы» АҚ Тараздан Жаңатасқа дейін жолаушылар үшін билет құнын 893 теңгеге белгілеп отыр.

Енді Тараз-Жаңатас телімінің бойында жатқан Бурыл, Шайқорық, Аса, Жұма, Тамды, Қаратау, Ақтаутас, Табақбұлақ, Шабақты станциясының тұрғындары қыс айларында алаңсыз облыс орталығына қатынайтын болады. Қыс айларында бұл аумақтарда көбіне жол жабылып, тұрғындар әбігерге түсіп жататын. Пойыз түс қайта 16.20-да Тараздан шығады. Ал Жаңатастан облыс орталығына таңертең 5.00-де аттанып кетеді. Бұл кесте жолаушылар үшін де өте қолайлы. Сондай-ақ, жаңа үш вагон жасақталып отыр. Әр вагонда 54 орыннан. Облыстық әкімшілік тарапынан вагон ішіне желдеткіш пен ауыз су қою мәселесі шешіліп отыр. Жалпы, осы қаламаңы тасымалы алдағы үш жылда тұрақты түрде жүруі керек. Қазір осы бағытта келіссөздер жүргізіліп жатыр, – дейді Жамбыл магистральдық желі бөлімшесі директорының вокзал шаруашылығы бойынша орынбасары Бейбіт Садықбеков. Енді әулиеаталық теміржолшыларды толғандырып отырған мәселе – «Тараз-Шу» бағытындағы «Спутникті» іске қосу. Осы бағытты іске қосу жөнінде тұрғындардан көп өтініш түсіп отыр екен. Бірақ, жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары басқармасының мамандары Шу бағытында транзиттік пойыздар көп қатынайтын болғандықтан бұл қаламаңы тасымалы тиімсіз деп санайды.

– «Тараз-Шу» бағытындағы қаламаңы тасымалы пойызының Шуға дейінгі билет құны 600 теңге болатын. Ал транзиттік пойыздар қатарында ең арзан деген «Маңғыстау-Алматы» бағытындағы пойыздың Шуға дейінгі билет құны – 1500 теңге. Сондықтан бүгінде жолаушылар пойызға отырмай такси мен шағын автобустарға мінеді. Бұл бағыт іске қосылып тұрғанда пойыз Тараз бен Шу ортасындағы шағын станцияларға түгел тоқтайтын.

Ал транзиттік пойыздар тоқтамайды. Сондықтан тұрғындар талабы ескеріліп, бұл қаламаңы пойызы да іске қосылса, нұр үстіне нұр болмақ», – дейді Бейбіт Садықбеков. Ал бүгінгі күні өңірде қаламаңы тасымалы бойынша тек «Сарышаған – Мойынты», «Шу – Сарышаған», «Шу – Отар» бағыты тұрақты жүріп тұр. 

Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл