Қазақ-қырғыз шекарасындағы Маймақ станциясын әйел басқарады

Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Теміржолда ерлермен бірге еңбектің тайқазанын қайнатып жатқан мыңдаған әйел бар. Олардың қатарынан пойыз диспетчері, станция, өткел кезекшілері, вагон операторы, жолсерік, тағысын тағы мамандық иелерін табуға болады. Ал біздің бүгінгі кейіпкеріміз Күнзада Әубәкірова – станция бастығы. Ол қазақ-қырғыз шекарасында орналасқан Маймақ станциясын жеті жылдан бері басқарып келеді.

Ақтөбе қаласында туып-өскен Күнзада Алматы теміржол көлігі инженерлері институтын бітіріп, жолдамамен Жамбыл жол бөлімшесіне қарасты Маймақ станциясына жұмысқа барған кез 1986 жыл екен. Жоғары білімді маман Маймақта еңбек жолын станция кезекшісі болып бастайды.

«Менің теміржолшы мамандығын таңдауыма үлкен әпкемнің ықпалы болды. Ол кісі Ақтөбеде станция кезекшісі болып еңбек етті. «Теміржол – тұрақты табыс көзі, пойыздар жүріп тұрғанда жұмыс болады. Сондықтан теміржолшы кәсібін игер» деп үнемі ақылын айтатын. Маймақ станциясына келгенде біржолата қалып қоямын деп ойламаған шығармын, бірнеше жыл жұмыс істеп елге қайтармын дегем. Бірақ отбасын құрып, осы жерге сіңісіп, табиғаты көркем осы жерге бауыр басып тұрақтап қалдым, оған еш өкінген емеспін, – дейді кейіпкеріміз.
Маймақ станциясы қырғыз аумағында орналасқандықтан көрші ел теміржолшылармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейтін станция қызметкерлері дипломатия- лық арақатынас шеңберін сақтауды меңгерген. Соның арқасында анау айтқан дау-
дамай, түйткілді мәселе туындап көрмепті.

Екі ұл, екі қыз тәрбиелеп өсірген Күнзаданың жұбайы жол дистанциясында дрезина машинисі болып жұмыс істесе, кіші ұлы машинист көмекшісі кәсібінде несібесін теріп жүр.

«Маймақ – шағын станция. Мұнда әртүрлі саланың тізгінін ұстаған 30 шақты теміржолшы еңбек етуде. Қозғалыс қызметіне төрт адам жауапты. Екі диспетчер, екі жүк қабылдап алушы. Барлығы бес адамбыз. Бірақ, бұл біз арқамызды кеңге салып, жайбарақат жүреді деген сөз емес. Біздің станция арқылы жүк пойыздары өтеді, жүк тиеу және түсіру жұмыстары орындалады. Сондықтан біз үшін пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету, еңбек және техника қауіпсіздігін сақтау да басты мәселе. Әрине, станция кезекшісі болғанда, ауысымдағы жұмысыңа жауап беретінсің. Ал станция бастығы қызметінде бір өзіңе ғана емес, бүкіл ұжымға, олардың өмірі мен денсаулығына жауап бересің. Соған қарамастан мен өз жұмысымды, темір жолды жақсы көремін. Теміржолдың адамды өзіне тартып, баурап алатын сиқыры бар», – деп сыр бөлісті Күнзада Әубәкірова.

Жаңалықтар
24.08.2026
ҚТЖ Trip Optimizer және Kinetix-ті қолдануды кеңейтеді
Трансформация
24.08.2026
Олжас Бектенов көлік саласының трансформациясын тексерді
Жаңалықтар
24.08.2026
Қазақстан теміржол транзитін рәсімдеуді алты есе жылдамдатты
Жүк тасымалы
24.08.2026
Биыл ҚТЖ желісімен 184,4 млн тонна жүк тасымалданды
Жаңалықтар
24.08.2026
Қараусыз қалған мал жүк пойызының шұғыл тежелуіне себеп болды
Аймақтар
24.08.2026
Павлодарлық теміржолшылар жас спортшыларға қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Аймақтар
23.08.2026
Ақтөбе вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
23.08.2026
Қостанай облысында Тобыл вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл