Атырауда ардагер теміржолшының шығармашылық кеші ұйымдастырылды

ҚТЖ келбеті
28.03.2022, 15:54
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Темір жол – өз қатарына сан салалы мамандармен қатар өне бойына өнер тұнған жандарды да тарта білген сала. Кәсіби қызметтерімен қоса олар қоғамдық салада осы өнерлерін паш етіп жүреді. Мақат ауданының Құрметті азаматы Мыңтұрғанов Қуат ағамыздың да тұла бойы тұнған өнер.

1950 жылы Мұқыр станциясында дүниеге келген ол 16 жасынан темір жолда жол жөндеуші болып жұмыс істеген. Таңның атысы, күннің батысы белі қайысып, ауыр жұмыста жүріп-ақ суырыпсалмалық өнерімен танылып, «ақын бала» атанады. Алматы темір жол техникумын 1973 жылы жолшы мамандығы бойынша бітіріп, ширек ғасыр Доссор станциясында жол бригадирі, жол шебері қызметтерін атқарады.

– Жолшы болу оңай емес. Темір жолдың әр қарысына дейін жауаптысың. Қисайса түзейсің, бұзылса жөндейсің, шпалы шірісе ауыстырасың, шебіні босаса шегендейсің, біздің кезімізде осы жұмыстың бәрі қол күшімен атқарылды. Кезінде баспасөзде, одан әкімшілік жұмысты да атқардым, бірақ «ат айналып қазығын табар» демекші, айналып темір жолға қайта оралып, осы жерден зейнетке шықтым, – деп еске алады Қуат аға.

Қуат Жолболдыұлы бала күнінен кітапқұмар болды, көп оқитын. Ал поэзия әлемі – оның екінші тынысы. Аудандық, облыстық ақындар айтысына қатысып, бірнеше дүркін жүлделі орын иеленді. Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін өндірістен қол үзбей жүріп оқып бітіріп, аудандық «Мұнайшы», облыстық «Каспий капитал» гезеттерінде меншікті тілші қызметтерін де атқарды.

Қуат ағаның сөзіне жазылған «Сағыз аруы», «Аңсағаным сен ғана», «Ару әні», «Ақ әжем», «Жарыма», «Өзіңді жаным іздеймін», «Аман жүрші қашан да, нағашылар», т.б. халықтың сүйікті әніне айналып, ел аузында орындалып жүр. «Таң самалы», «Сары даланың сарыны», «Мұнайлы менің мекенім», «Көңілімнің шуағы» жыр жинақтарының авторы. Шығармалары «Кел Мақатқа», «Алтын бұлақ», «Ауылым – алтын бесігім» жинақтарына енген.

Сонау бір жылдары жол шебері Қуат Мыңтұрғановқа жергілікті атқамінерлер тарапынан поселкелік әкімдікте жұмыс жасау ұсынысы түседі. Ширек ғасыр еңбегі сіңген теміржолын қимағанмен, ауданның дамуына, әсіресе өңірдің темір жол саласындағы күрмеулі мәселелерді шешуге септігім тиер деген оймен келісім берді. Доссор кенті әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Бұл қызметті де талай жыл абыроймен атқарып, ауылдың дамуына өз үлесін қосумен қатар жергілікті теміржолшылармен қоян-қолтық жұмыс істеп, талай мәселені шешуге атсалысты. Бірақ кейінгі жылдары бәрібір жаны қалайтын теміржолға қайта оралды. «Доссор-сервис» мекемесінде аға тауар операторы болып зейнеткерлікке шықты.

Қуат ағаны әр жылдарда еңбек еткен салаларына қарай біреулер теміржолшы, біреулер мемлекеттік қызметкер, біреулер журналист деп таниды.

Жетпіс жылдығына орай жергілікті әкімдік пен мәдениет саласының өкілдерінен шығармашылық кешін өткізу туралы ұсыныс түскен, бірақ карантинге байланысты кейінге шегеріліп келген. Жуырда Мақат ауданы әкімдігінің қолдауы және Доссор мәдениет үйінің ұйымдастыруымен шара кең көлемде аталып өтті. Ән мен жырдан құрылған кеште ізгі тілектер мен құттықтау жаңбырдай жауды. Аудан жұртшылығымен қатар теміржолшы әріптестері де қатысып, ақжарма тілектерін арнады. Мыңтұрғанов Қуат жұбайы, ұлағатты ұстаз Тыныштық апай екеуі 2 ұл, бір қыз тәрбиелеп өсіріп, олардан бүгінде 7 немере-жиен сүйіп отыр. Әке жолын бүгінде ұлы Талғат жалғастыруда. Ол вагон жөндеу депосында көп жылдардан бері еңбек етіп келеді.

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады