Еңбегінің жемісін көрмек

ҚТЖ келбеті
31.03.2022, 11:55
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«Жолаушылар тасымалы» АҚ ұжымы Заң департаментінің менеджері болып қызмет атқарған Алмас Құдайбергеновті құрметті демалысқа шығарып салды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Қызылорда өңірінің тумасы Алмас Ысқақұлы еңбек жолын автобус паркінің слесарі болып бастаған. Әскерге барып, ел алдындағы азаматтық борышын өтеп келген ол Алматыдағы Киров атындағы Қазақ ұлттық мемлекеттік университетінің заң факультетіне түсіп, оны қызыл дипломмен тәмамдайды.

Білімді маман алдымен Қызылорданың Бас прокуратурасына жолдамамен жұмысқа тұрып, кейін өзге де өңірлерде осы құқық органында жұмыс істеп, тәжірибе жинайды. Қырық жыл еңбек өтілінде құқықтық саланың жілігін шаққан майталман маманына айналады. Ал 2015 жылы ол «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының еншілес ұйымы «Жолаушылар тасымалы» АҚ-на заңгер болып, заң басқармасына орналасады. Кейін бұл басқарма департамент мәртебесіне ие болыпты.

- «Жолаушылар тасымалы» АҚ жолаушыларға теміржол көлігінің тасымал қызметін ұсынады. Сол себепті бұл мекемеде заңгерлерге жұмыс жеткілікті. Әртүрлі істі сотқа жеткізбей шешу немесе заң шеңберінде сотта сүйемелдеу сияқты міндеттер артып жетіледі. Бір жылы бізге Табиғи монополияларды реттеу агентігі комиссиялық алым мәселесі бойынша 240 млн теңгеге қатысты іс қозғап, оған біз келіспей, сотқа жүгініп, нәтижесінде өзіміздің дұрыстығымызды дәлелдеп, жеңіп шықтық. Осы сияқты ірілі-ұсақ істер көп. Бірде жеңіске жетіп, енді бірде керісінше ұтылып жатамыз. Заңгерлер үнемі оқу үстінде болады. Өйткені, еліміздегі заңдарға енгізіліп жататын өзгерістер мен толықтырулардан үнемі хабардар болып, өз ісіңде қамшы салдырмауың керек, – дейді бүгіннен бастап зейнеткерлер қатарын толықтырған Алмас Құдайбергенов.

Ал кейіпкеріміз туралы әріптестерінің айтар жылы лебізі көп. Бірі оны өз ісінің білгірі, өте сауатты әрі жауапты, кәсіби маман деп бағаласа, екіншісі оның қашанда ұстамды, сабырлы, кішіпейіл, азаматтық қасиеттерін айрықша атап өтті. Сымдай тартылған сымбаты талай жастарды жолда қалдыратын кейіпкерімізге келсек, ол зейнеткерлік жас – жаңа өмірдің бастауы екенін, енді өзіне өзі толық иелік етіп, еркіндік алған шағында алдына көптеген мақсаттар қойып және соған жетуге өмір жолын арнайтынын айтады.

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті