Сауаттылық пен жауаптылық қажет

ҚТЖ келбеті
22.07.2022, 13:14
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Кез келген мекеменің нормативтік-техникалық құжаттарынсыз жұмысы жүрмейді. Әсіресе, қызметіне арнайы нұсқаулықтар «жан бітіретін» теміржол сынды тәртібі қатал алып салада онсыз бүкіл қозғалыс тоқтап қалуы мүмкін. «Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол» станциясының жетекші инженер-технологы Сәуле Ислямованы әріптестері «құжаттар ханшайымы» деп бекер атамаса керек.

Елордаға жақын шағын ғана Бабатай бекетінде көп балалы теміржолшылар отбасында дүниеге келген Сәуле Ислямова станция кезекшісі болуды армандап өсті. Себебі көзін ашқанда көргені сол еді. Әкесі сол бекеттің кезекшісі болса, анасы жол монтері болып еңбек етті. Ата-анасының жолыменен бүгінде осы отбасының Сәулені қосқанда 4 баласы жүріп келеді. Үлкен әпкесі әке-шешесіне көмектесемін деп станция кезекшісі болып ерте жұмысқа кірісті. Бала Сәуле бауырының киген киіміне, ары-бері өткен пойыздарды тоқтатып-жүргізіп отырған «командирлік» қызметіне қатты қызығып, мектеп бітірген бойда бірден теміржолшы болам деп армандайтын. Айтқаны болды да, 18 жасында Ақмола жол техникалық мектебінен білім алып, Жамбылда 6 айлық курстан өтті. Сосын жолдамамен Ерейментау бағытындағы №101 бекетте кезекші болып еңбек жолын бастады. Кейін №43 бекетке ауысты, туған жері Бабатайда станция кезекшісі болды. Теміржол саласында техникумды сырттай оқып білімін жетілдірді. Темір жолдың ауыр тірлігі, он шақты бала туып-өсіру оңай ма, ата-анасы алпысқа да жетпей, ертерек өмірден өтті. Сәуле де әпкесі секілді соңынан ерген бауырларына қарайласып, өмірін соларды оқытып жеткізіп, аяқтандыруға арнады. 

...1990 жылдары елордаға көшіп келіп, Қырқыншы станциясында жүк қабылдап жөнелтуші, ПЦ кезекшісі, станция кезекшісі болып еңбек етті. Басшылық Сәуле Ислямованың саладағы мол білімі мен тәжірибесін бағалап, 1 санатты қауіпсіздік инженерінің қызметіне ұсынды. Ал 2017 жылы жаңа «Нұрлы жол» вокзалымен бірге «Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол» станциясы ашылғанда оған тағы үлкен жауапкершілік жүктеліп, жаңа станцияның барлық нормативтік-құқықтық актілері мен құжаттарын жасап, әрі қарай соны жүргізетін жетекші инженер технолог қызметіне бекітті.  

– Сол жылы мені осы станцияның құжаттамасын ретке келтіруге шақырды. Бірден келістім, себебі бұл мен үшін жаңа дүние, тың тәжірибе еді. Станцияның техникалық тарату актілерін (ТРА), түрлі нұсқаулықтарды жаңа стан- цияның қызметіне сәйкестендіріп жасау керек болды. Осылайша мұндағы құжаттарды нөлден бастап құруға тура келді. Станцияның құжаттары мен келгенде болды, бірақ жүйеге келтірілмеген еді. Жұмыстың барлық технологиясы станцияның техникалық құжаттарында сипатталады, жаңадан келгендер болсын, қазіргі қызметкерлер болсын өз жұмысында соны негізге алады. Пойыздарды қалай қабылдап, жөнелту керек, локомотивтерді қалай алып келіп қосу қажет, жолға қанша пойыз сыяды және тағы да басқа ережелер осы құжаттарда бекітіледі. Соның бәрін құжатқа түсіру үшін станцияны аралап, бәрін өлшеп, пішіп, есептедік. Сөйтіп жаңа құжат пайда болды, жалпы, құжат жүргізу ісінде ең алдымен сауаттылық пен жауаптылық қажет, – дейді кейіпкеріміз. 

Салаға 30 жылға жуық еңбегі сіңген Сәуле сынды теміржолшылар қандай құрметке де лайық.

Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Инновациялық идеялар жаршысы
Жаңалықтар / Мұрағат
15.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №73 15 қыркүйек 2026 жыл
Аймақтар
14.09.2026
Түрксібтің төл туындысына – 95 жыл
Жолаушылар тасымалы
14.09.2026
Пойызда үй жануарларын алып жүру кезінде жолаушы нені білуі керек?
Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты