Екі рет егіз тапқан алтын құрсақты Фатима жайлы бір үзік сыр

ҚТЖ келбеті
11.07.2023, 10:41
Суретті түсірген автор
Сабира Байзахова

Түркістан облысы бойынша меншікті тілші

Арыс станциясының дөңес операторы, күміс алқа иегері Фатима Бастарқызы үйде – отбасының ұйытқысы, асыл ана, аяулы жар, ал түзде – салада қырық жыл тер төгіп келе жатқан тәжірибелі теміржолшы.

Осыдан қырық жыл бұрын, 1983 жылы еңбек жолын Арыс станциясында жүк қабылдаушы болып бастаған Фатима жеті жылдан кейін белгі беруші болып ауысып, тағы он жыл еңбек етеді. Ал 2000 жылдан бері Арыс станциясының дөңес операторы.  

– Фатима Жартыбаева – өте еңбекқор, жауапкершілігі жоғары жан ретінде өзін өзі танытқан тәжірибелі теміржолшы. Жұмысты ең төменнен бастап, соңғы 23 жыл дөңес операторы болып жастарды тәрбиелеп келеді. 14 шілдеде алпыс жасқа толғалы отырған құрметті әріптесімізді шын жүректен құттықтап, ұжым атынан алғыс айтқым келеді, – дейді кейіпкеріміз туралы Арыс станциясының бастығы Бөгенбай Тоқсейітов.  

Фатима жары Темірхан Манайұлымен темір жол бойында танысып, 1984 жылы бас қосқан екен. Екеуі 6 перзент сүйді. Кейіпкеріміз туралы қызықты бір деректі айтып өтсек, сол алты перзентінің екеуі – егіздер. 1985 жылы туған тұңғыш ұл мен қыз – егіз, Арман Ақтауда теңіз шаруашылығында еңбек етеді, ал оның сыңары Айман Арыс қаласында сұлулық салонында жұмыс жасайды. 1987 жылы туған Айжан Шымкент қаласында кәсіпкер, 1989 жылғы Нұргүл Астанада дәрігер. 1993 жылы туған кенже ұл мен қыз – егіздер. Айбол теміржол саласының маманы, қазіргі уақытта қосымша өз кәсібі бар, оның сыңары Ақерке отбасымен Шымкент қаласында тұрады.  

– Темір жолға 40 жыл өмірімді арнадым. Қызық пен шыжық қатар жүретін салада еңбек етіп, бала өсіріп отбасын асырау оңай болды дей алмаймын. Кенже егіздерім дүниеге келген соң жолдасым өмірден өтіп, аз қиналған жоқпын. Ендігі жерде 6 балаға әке де, шеше де өзім едім. Бала санымен 2017 жылы зейнетке шығып кетсем де болар еді, бірақ жұмысымды қимадым, әрі күйеуімнің аманаты ұл-қызымның бәрін оқытып, жоғары білім әперуді мақсат етіп, күш-қайратым барда еңбек етуден қашпадым. Құдайға шүкір, балаларым өмірден өз орындарын тауып, жақсы азаматтар болып өсті, менің ең үлкен бақытым да, жетістігім де осы, – дейді Фатима Бастарқызы.  

Жүк тасымалы
18.05.2026
Қазақстан астық пен ұн экспортын жаңа бағытқа бұрмақ
Әлемде
18.05.2026
Қытай – Еуропа теміржол экспресі 130 мың рейс межесіне жетті
Спорт
18.05.2026
Тараз теміржолшылары арасында тораптық спорт жарысы өтті
Әлемде
18.05.2026
Еуропа теміржолдарына бірыңғай билет жүйесі енгізілмек
Жаңалықтар
18.05.2026
Теміржол вокзалдарын жаңғыртуды үйлестіру және жеделдету жөніндегі жедел штаб құрылды
Әлеумет
17.05.2026
Ақтөбе облысында заманауи өнер мектебі салынуда
Инфрақұрылым
16.05.2026
Қазақстанның бес өңірінде теміржол вокзалдарын жаңғырту жұмысы аяқталуға жақын
Әлемде
15.05.2026
Биыл Ресей теміржолдарында апат пен пойыздардың рельстен шығу жағдайлары көбейген
Жолаушылар тасымалы
15.05.2026
Қарағанды – Балқаш бағытында жолаушылар пойызы қатынайды
Аймақтар
15.05.2026
Қозғалыс қауіпсіздігін күзеткен теміржолшылардың аналарына құрмет көрсетілді
Инфрақұрылым
15.05.2026
Жаңаланған жолдар – қауіпсіздік кепілі
Аймақтар
15.05.2026
Көктемгі байқау кемшіліктерді анықтады
Аймақтар
15.05.2026
Семейлік теміржолшылар қаржылық сауаттылығын арттыруда
Жаңалықтар
15.05.2026
Астанада жас теміржолшылар үшін кәсіби бағдарлау курсы өтті
Аймақтар
15.05.2026
Әмбебап маман
Аймақтар
15.05.2026
Қауіпті сейілткен теміржолшының анасы алғысқа бөленді
Аймақтар
15.05.2026
Бір жұмысшы – бір өсімдік
Жаңалықтар / Мұрағат
15.05.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №37 15 мамыр 2026 жыл
Жаңалықтар
14.05.2026
ТМД темір жолдары интеграцияны нығайтуда
Жаңалықтар / Инфрақұрылым
14.05.2026
Көлік вице-министрі «Бақты – Аягөз» теміржол желісінің іске асырылу барысын тыңдады