Оқу орнынан – өндіріске

Трансформация
17.04.2026, 09:28
Оқуға 2 мин
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Марат Шәкеновтің төрағалығымен М.Тынышпаев атындағы ALT University мен Ұлттық компания арасында салаға жаңа буын инженерлерді даярлау бойынша бірлескен бастамалар туралы кеңесі өтті.

Жиынға М.Тынышпаев атындағы ALT University, «ҚТЖ» ҰК» АҚ Адами ресурстарды басқару департаментінің басшылары мен қызметкерлері қатысты.  

ALT University басқарма төрағасы – ректоры Меруерт Жармағамбетова 17 500 студент оқитын жоғары оқу орны еліміздегі ірі жұмыс беруші «ҚТЖ» ұлттық компаниясымен іскерлік байланыс орнатып, бірлескен жобаларды жүзеге асырып келе жатқанын атап өтті.  

– ҚТЖ-мен бірлесе отырып, біз индустриалды білім беру бағдарламасының жаңа бағыты – «Университет-Өндіріс» /2+1/ моделін дамытып отырмыз. Бұл модельдің мәні студент екі жыл университет қабырғасында, бір жыл өндіріс басында оқиды. Басты мақсат – кепілді жұмысқа орналасатын мамандарды даярлау. Оқуға түскен студент біздің университетте білім алудың артықшылығын, яғни бітірген соң серіктес компанияда, мысалы ҚТЖ жүйесінде жұмысқа орналасатынын білетін болады. «2+1» моделін іске асыру – бәсекеге қабілетті мамандар даярлау; білім беру мен өндірістің тығыз интеграциясын қамтамасыз ету; теория мен практика арасындағы алшақтықты азайту; түлектердің жұмысқа орналасуына кепілдік беру мүмкіндігін қамтамасыз етеді, – деді ALT ректоры.  

Ұлттық компаниямен тәжірибеге бағдарланған даярлық шеңберінде 2025/26 жылдар ішінде аталған оқу орнының 1230 студенті теміржолдың өндіріс орындарында тәжірибеден өтсе, 49 студент дуальдық жүйеде оқыған, сондай-ақ теміржол мамандары 23 дәріс өткізген. Ал 2026/27 жылдар аралығында бұл көрсеткішті айтарлықтай арттыру көзделіп отыр екен. Атап өтерлігі, ALT-ның еліміздің бес қаласында 6 колледжі және Ақтау қаласында 1 мектеп-лицейі бар.

Оның айтуынша, «ҚТЖ» ҰК» АҚ-мен жасалған келісімшарт шеңберінде студенттік геодезиялық жасақ жұмысы ұйымдастырылып, бейінді бағдарлама студенттері мамыр-қыркүйек аралығында «Жезқазған-Сексеуіл», «Бейнеу-Тассай» желілерінде далалық инженерлік-геодезиялық жұмыстарды орындаған. Осылайша, студенттер нақты өндірістік жағдайларда магистральдық жолдың нақты жағдайына аспаптық түсірілім жүргізуді үйренген.  

«ҚТЖ» ҰК» АҚ мен ALT University арасындағы өзара іс-қимыл стратегиясы одан әрі жалғасын тауып, оның шеңберінде көптеген іс-шаралар қарастырылып отыр. Соның бірі де цифрлық трансформация және инновация бағыты. Осы бағытта оқу орнында AI орталығы ашылған. Кездесу соңында ҚТЖ мамандары өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды. Екі тарап жаңа буын инженерлерін даярлау бағытындағы бірлескен жұмыстарды әрі қарай жалғастыруға уағдаласты.  

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды