Қырық жыл – станция кезекшісі

ҚТЖ келбеті
15.08.2023, 09:05
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Құлсары станциясында қырық жыл тапжылмай еңбек еткен станция кезекшісі Махмет Қайырлиев зейнет демалысына шықты. Әріптестері тәжірибелі теміржолшыны зор құрметпен шығарып салды.

Станция басшылығы мен кәсіподақ ұйымы ардагерді құттықтап, қазақы дәстүрмен иығына шапан жапты, ендігі жерде бейнеттің зейнетін көруіне тілектестіктерін білдірді.  

Махмет Бижанұлы осы Құлсары қаласында дүниеге келген. 1976 жылы Гурьев темір жол техникумының «Қозғалысты басқару және ұйымдастыру» факультетіне түсіп, 1980 жылы бітіріп шығады. Құлсары станциясында пойыз құрастырушы болып еңбек жолын бастайды. Бірнеше жылдан соң тәжірибе жинап станция кезекшісі болып ауысады. Міне, содан бері табаны күректей қырық жыл өтіпті...  

Станция мұнай және газ тасымалдаушы маңызды арна саналады, кен орнының дамуымен өлкедегі көлік-коммуникация кешені де дами түсті. Темір жол арқылы тасымалданатын мұнай, мұнай өнімдері және химиялық жүктер көбейді. Сол себепті мұнай өндірісінің қарқынды дамуы станцияның да әрі қарай өсуі қажеттігі талабын қойды. Соған орай 6 жолдан тұратын қосымша «Б» паркі, 8 жолдан тұратын сұрыптау паркі салынып пайдалануға берілсе, «А» паркінің жолдары 1250 метрге ұзартылды. Теңіз шикі мұнайын жылына 18 млн тонна көлемінде тасымалдауға байланысты 2007-2008 жылдары №8 разъезд бойынша мұнай өнімдері жүгі мен бос цистерналарды қабылдап-жіберу пункті ашылды.  

– Әрине, тасымалдың бұлай қарқынды өсуі ең алдымен станция кезекшісіне зор жауапкершілік жүктейді. 1989 жылы станция жаңа ғимаратқа көшкенде ең алғаш станция кезекшілігін атқару тәжірибелі маман ретінде Махмет ағамызға жүктелді. 40 жыл бойы осы станцияның ыстығына күйіп, суығына тоңған жан ретінде көп еңбек сіңірді. Бүгінгі таңда отбасында ұл-қыз тәрбиелеп, ұрпақ қызығын көріп отыр. Енді немерелерінің тәтті қылығын қызықтап, бақытты ғұмыр кешсін – дейді Құлсары станциясының бастығы міндетін атқарушы Айнабек Бисалиев.  

 

Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Инновациялық идеялар жаршысы
Жаңалықтар / Мұрағат
15.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №73 15 қыркүйек 2026 жыл
Аймақтар
14.09.2026
Түрксібтің төл туындысына – 95 жыл
Жолаушылар тасымалы
14.09.2026
Пойызда үй жануарларын алып жүру кезінде жолаушы нені білуі керек?
Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты
Әлемде
14.09.2026
Alstom Канадаға 313 жолаушылар вагонын жеткізеді
Жаңалықтар
14.09.2026
Қызметтік иттердің көмегімен теміржолда 74 есірткі дерегі анықталды