Әулеттегі төртінші «Құрметті теміржолшы»

ҚТЖ келбеті
06.08.2024, 10:33
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«Жолаушылар тасымалы» АҚ-на қарасты «Солтүстік» филиалының жолсерігі Амангелді Қожабаев жолаушыларға адал да мінсіз қызмет етіп, еңбекте табысты нәтижелерге қол жеткізіп, жолаушылар пойыздарының қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге атсалысқаны үшін «Құрметті теміржолшы» белгісімен марапатталды.

«Әсем Бурабай баурайында орналасқан Щучье қаласында дүниеге келдім. Теміржолшы болу бала кезгі арманым еді, мектепте оқып жүргенде «Жас теміржолшы» деген үйірме болатын. Осы үйірмеге төрт жыл қатыстым. Үлкен адамдар құсап, форма киіп, балалар темір жолына жұмысқа баратынбыз. Мектепті бітірген бойда нағыз теміржолшы боламын деген мақсатымды жүзеге асыруға бел будым. Енді ше? Бұл мамандық бізге қанмен берілген десек те болады. Атам өмірін теміржолға арнап өткен «Құрметті теміржолшы» еді. Ағатайым да ревизор болып жұмыс істеп, туыс апатайым да осы салаға мол еңбек сіңірді. Олар да құрметті теміржолшылар. Осылайша, теміржолшы әулетінің өкілі бола отырып, менің де теміржолшы болмасқа қақым жоқ еді. Ал бүгін ердің жасы елуді еңсергелі отырған шақта мен де әулетіміздің абыройын арттырып, теміржолшы үшін ең мәртебелі атақ – «Құрметті теміржолшы» белгісінің иегері атандым. Бұл менің отыз жылғы тынымсыз адал еңбегіме берілген әділ баға деп білемін», – деп сыр бөлісті су жаңа Құрметті теміржолшы Амангелді Естайұлы.  

Екі жоғары оқу орнын бітірген кейіпкеріміз жолсерік мамандығын өзгертуді ойлаған емес. Дипломды маман ретінде еңбек жолын жолсеріктен бастаған ол әлі сол мамандықты абыроймен атқарып келеді. Бүгінде Астана – Алматы оның тұрақты бағыты. Бір кездері шекара ашық болғанда, Санкт-Петербор, Киев, Достық арқылы Үрімші бағыттарындағы жолаушылар пойыздарында жолсерік болғанын айтады. Үнемі жол үстінде, сан түрлі адамдарды жолықтырып, олармен тікелей байланыста жұмыс істейтін жолсерік жауапкершілік жүгі ауыр болса да, өз кәсібін құлай сүйгенін айтады.  

«Әрине адамның әртүрлі мінездісі, томаға тұйығы, сабырлысы, қабағы қатулысы, ақ жарқыны кездесіп жатады. Алайда, олардың бабын тауып, жібектей болып, жібін білдірмей, діттеген жеріне дейін аман-есен жеткізу біздің міндетіміз. Осыншама жыл қызметімде түрлі адамдарды жолықтырдым. Жол үстінде сырқаттанып, жәрдемге жүгініп жататындар да болады. Жолаушылардың керегіне жарап, қолғабысымыз тиіп, алғысын алсақ, марқайып қаламыз. Өкпелеп жатқандардың шағымын тыңдап, қолымыздан келер дүние болса, түзетуге тырысамыз. Бірақ, өкпереніштен гөрі алғыс айтушылар көп. Бұл да болса, біздің маңдай теріміздің ақталғаны», – дейді Амангелді.  

Ол ҚТЖ компаниясында өтіп жататын әртүрлі оқытулардың, мәселен, стреске төтеп беру, дау-кикілжіңді бейбіт жолмен шешу, алғашқы медициналық көмек, техникалық қауіпсіздік, төтенше жағдайда оңтайлы шешім қабылдау сынды тағысын тағы білім-ілімнің жұмыс барысында көп көмегі тиетінін айтады. Кейіпкеріміз бос уақытында табиғат аясында тыныстап, балық аулап, қыста шаңғы тебуді ұнатады екен.  

 

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті