Білікті маманның жетістігі мол

ҚТЖ келбеті
29.11.2024, 09:15
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда белгі беру және байланыс дистанциясының жөндеу-технологиялық участогы (ЖТУ) мекеменің өндірістік базасының негізін қалайды. СОБ құрылғыларына технологиялық қызмет көрсету мен жөндеуде маңызды рөл атқаратын участокте өз ісінің шеберлері жұмыс істейді.

Технологиялық участок қазан айында Қараиірім бекетінде ток көзі генераторларын (ДГА) ауыстырып, 30 дана релені жаңарту жұмыстарын жүргізіп тіркеуге алынған. Ал осы айда 200 реле кестеге сәйкес сынақтан өткізіліп, пайдалануға берілген.  

Дистанцияның өндірістік бөлім басшысы Нұрлан Жәнібеков жөндеу-технологиялық участокта құрылғылар мен элементтерді есепке алу, СОБ құрылғылары параметрлерінің техникалық талаптарға сәйкестігін тексеру, контактісіз жабдықты өлшеу, жөндеу және құрылғыларды ауыстыру және есепке алу жұмыстарын сапалы атқаратын білімді де білікті мамандардан кенде емес екенін жеткізді. Солардың қатарында электромеханик Мария Құрманбаеваны айрықша атап өтті.  

– Жақсы өндірістік көрсеткіштерге қол жеткізген мамандардың алдыңғы легінде тәжірибелі электромеханик Мария Құрманбаева тұр. 2003 жылдан бері дистанцияда РТУ электромеханигі болып үздіксіз жұмыс істеп келе жатқан маман өз жұмысында ешбір ақауға жол бермеген сауатты жан, сондықтан жаңадан келген жас мамандарды оған шәкірт етіп белгілеу дәстүрге айналған, – дейді Нұрлан Жәнібеков.  

Арал ауданының Қаратерең ауылында дүниеге келген Мария мектеп бітірген соң Арал қаласындағы гуманитарлық-техникалық колледжінің «Теміржол көлігіндегі автоматика, телемеханика» бөлімінен арнайы мамандық алған. Дистанцияға жұмысқа тұрған алғашқы күннен бастап релелерді зерттеуге және релелік тестілеу әдістерін үйренуге бар ынтасын салып, инемен кесте тіккендей ерекше нәзіктік пен шеберлікті, шыдамдылықты қажет ететін жұмысты лезде меңгеріп алады. Жалпы, жөндеу-технологиялық участогында негізгі жұмысты атқаратындарды әйелдер қауымы құрайды. Бұл әйел затының әрбір іске аса ұқыпты да жауапты қарайтынын білдірсе керек. Олардың арасында Мария секілді кәсіби тұрғыда жетістікке жеткендер де аз емес. Өндірістен қол үзбей Алматы көлік академиясын сырттай оқып, жоғары білім алған Мария Таукелқызы дистанция учаскелердегі сигналдық құрылғыларды жаңартуға белсенді қатыса отырып, жаңа сигналдық жабдықтардың өндіріске пайдаланылуына тікелей атсалысады. Білікті маманның жетістіктерін ескерген дистанция басшылығы оны РТУ СОБ электромонтері етіп тағайындады. Мамандықты жан-жақты игеру талаптары емтиханын сәтті тапсырған ол 2015 жылдан бері құрылғыларды пломбалау құқығына ие, қазіргі уақытта электромеханик-қабылдаушы болып жұмыс істейді.  

 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады