Сауатты әрекет сауапты іске бастады

ҚТЖ келбеті
18.02.2025, 11:27
Суретті түсірген автор
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

2025 жылдың 10-шы ақпаны. Бұл күн теміржолшы Бауыржан үшін де, жас жігіт Анатолий үшін де естен кетпес ауыр күн болды. Бірі адам өмірін құтқарды, бірі өлім аузынан қалды.

Атбасар жол дистанциясының қатардағы жолшысы Бауыржан Жаманбаев сол күні әдеттегідей түстік ішіп болғасын сағат 13.45-те ағымдық жұмыстарды орындауға дайындық жасау үшін әріптестерімен бірге тысқа шығады. Осы кезде Бауыржан Астана станциясына бағыт алған жүк құрамының жұп жолға кіріп келе жатқанын және оның өтіп кетуін күтіп тұрған бөгде адамды байқап қалады. Бұл кезде көрші жолмен маневрлік құрам да келе жатқан-ды. Бір кезде тарс еткен дауыс шығады, жол монтері белгі беріп маневрлік құрамды тоқтатуға жүгіреді, бірден локомотив адам қағып кетті деп ойлайды. Шынында да, пойыз қағып, адамның аяғын ауыр техника мыжып өткен.  

«Мен жүгіріп барғанда жас жігіт етпетінен жатыр екен, жылжымалы құрам астында қалған аяғы терісіне жабысып, киімімен бірге салбырап тұрды. Жігіттің «көмектесіңдер...» деген жан даусы шықты. Мен дереу екі қолтығынан демеп шығара бастадым. Осы кезде әріптестерім, пойыз құрастырушы мен машинист те жүгіріп келді. Жалма-жан жігіттер жан-жақтан көтеріп, жапа шегушіні табельдік кеңсеге апардық. Бірден сол жердегі медициналық қобдишадан резеңке алып, қан көп жоғалтпау үшін тізеден қатты етіп таңып тастадық. Жедел жәрдем де жылдам келді. Жігітті зембілге салып, жолдың ар жағында тұрған жедел жәрдем көлігіне апарып салуға көмектестік», – дейді Бауыржан Жаманбаев.  

Өлім аузынан қалған жігіт Анатолий Свяхин 21 жаста екен. Балалар үйінде тәрбиеленіпті. Қазіргі жағдайы тұрақты, амансау, бірақ, өкінішке орай, бір аяғынан айырылып, мүгедек болып қалды. Жас жігіт рұқсатсыз жерден өтіп, жол ережесін бұзғанына, салдарында осындай жағдайға тап болғанына қатты өкініп отыр. Бірақ, опық жегізген өкініш орнын еш нәрсемен толтыра алмасы анық. Бәлкім, бұл жағдай басқаларға сабақ болар...  

Ал қауіпті аймақта қырағылық танытып, жедел де сауатты әрекет ете отырып зардап шегушіге көмекке ұмтылған Бауыржан Сейітахметұлының бұл ісі ерлікке пара-пар. Әріптестері оны кәсібінің маманы, адамгершілігі мол жан деп сипаттайды. Төрт баланың әкесі отбасының жалғыз асыраушысы, әйелі бала-шағасы мен қарт ата-атасының күтімін жасап үйде отыр. Ауылда жұмыс жоқтықтан Атбасар қаласына көшіп келіп, несиемен шағын үй сатып алған жолшы жігіттің тағдырын теміржолмен байланыстырғанына биыл сегіз жыл.  

 

Жаңалықтар
15.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы Алматы өңірінің темір жол инфрақұрылымының негізгі нысандарын аралады
Қауіпсіздік
14.08.2026
Сексеуіл мен Аралда ауқымды рейд өтті
Жаңалықтар
14.08.2026
Теміржолшылар Құрылтай сайлауының маңызын талқылады
ҚТЖ келбеті
14.08.2026
«Алтын кітапқа» арқау болған теміржолшы
Инфрақұрылым
14.08.2026
Орта дәліз кәсіподағын дамыту – ортақ міндет
Жаңалықтар
14.08.2026
Арнайы пойыз жолға шықты
Әлеумет
14.08.2026
Жаз қызығы жалғасуда
Спорт
14.08.2026
Маңғыстауда аңызға айналған теміржолшы Сағынай Қошқарбаевтың мерейтойына орай турнир өтті
Спорт
14.08.2026
Шу станциясында теміржолшылар арасында тораптық жарыс өтті
Жаңалықтар
14.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы электр орталықтандыру маневрлік бекетінде болып, Астана-1 вокзалының құрылыс барысымен танысты
Жаңалықтар / Мұрағат
14.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №64 14 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
13.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ-ның локомотив паркі 146 заманауи локомотивпен толықты
Әлемде
13.08.2026
Қытай теңіз бағыттары үшін контейнерлерді екі қабатпен таситын алғашқы пойызды іске қосты
Жаңалықтар
13.08.2026
Теміржол өткелінде көлік істен шығып, жүк пойызы шұғыл тоқтауға мәжбүр болды
Аймақтар
13.08.2026
Абай облысында 8 теміржол вокзалы жаңғыртылуда
Жаңалықтар
13.08.2026
Қазақстан мен Өзбекстан жүк тасымалы көлемін арттыру шараларын пысықтауда
Жаңалықтар
13.08.2026
Қазақстан мен Өзбекстан көлік және логистика саласындағы ынтымақтастықты дамытуда
Аймақтар
12.08.2026
Түлкібас теміржол вокзалы қайта жаңартудан кейін ашылды
Әлемде
12.08.2026
Бавария алғашқы сутекті пойызын желтоқсанда іске қосады
Жаңалықтар
12.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы локомотив және жолаушылар паркімен танысты