Елордада өткен екі күн

ҚТЖ келбеті
17.03.2025, 09:30
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Әйелдер мерекесі қарсаңында еліміздің әр түкпірінен елордаға арнайы шақырту алған нәзік жандар қатарында Атырау вокзалының электромеханигі Динара Жұмағалиева да болды.  

Атырау магистральдық желі бөлімшесіне қарасты вокзал қызметкері  естен кетпес екі күн сыйлаған Астана сапарына дән риза. «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаевтың қабылдауында болып,  «Кәсібі бойынша үздік» төсбелгісін кеудесіне тағып қайтты.  

– Астана сапарын асыға күткеніме орай өте әсерлі болды. Өңірлерден келген қонақтарды ЦЖС қызметкерлері қарсы алып, қонақүйге орналастырды. Орталық мұражай, Байтерек, т,б қаланың көрікті жерлерін аралатып, кешке ауызашарға шақырды. Ертеңіне дирекция басшысы С.Рахметовтің қатысуымен дөңгелек үстел болып, онда дирекция бойынша атқарылып жатқан жұмыстар, жобалар жайы сөз болды. Түрлі сый-сияпат жасалып, «Теміржолшы әйелдер қауымдастығы» медальоны берілді. Содан соң «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Н.Сауранбаев қабылдап, мерекемен құттықтады. Әр өңірден келген қыз-келіншектерге отбасында амандық, еңбекте жеміс тілеп, марапаттар табыс етті, – дейді Динара.  

Динараның жолдасы Жарасқан да теміржолшы. Екеуі 5 бала тәрбиелеп, өсіріп отырған жас отбасы. Динара Агро колледж пен Х.Досмұхамбетов атындағы Атырау университетін экономика мамандығы бойынша бітірген. Бүгінде Атырау вокзалының электронды табло, компьютер құралдары, т.б. цифровизация бағытындағы жұмыстарға жауапты. «КТЖ басшылығының теміржолшы әйелдер қауымын Елорда төріне шақырып, ерекше көңіл бөлгеніне ризашылығымды білдіремін. Тіршілік пен берекенің бастауы – Аналар аман болсын, ұрпақ өсіп-өне берсін. Бақытты ел болайық!», – дейді ол.

 

Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын