Астананың теміржол шебері: ата жолын жалғаған машинист

ҚТЖ келбеті
26.05.2025, 12:29

Теміржол тізгінін ұстау – тек мамандық емес, өмірлік миссия. Осындай жауапкершілік жүгін абыроймен арқалап жүргендердің бірі – Астана локомотив пайдалану депосының бірінші дәрежелі машинисі Алмаз Мырзағазыұлы. Теміржолшылар әулетінде дүниеге келіп, бала күнінен ата жолын жалғауды армандаған ол бүгінде өз ісінің хас шебері атанып отыр.  Бұл туралы Астана әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Алмаздың үлкен атасы – Зейнолла Ниханбаев атақты Түрксіб теміржолын салуға ат салысқан. Ал оның ұлы Серікқазы Ниханбаев болса саналы ғұмырын Аягөз қаласының теміржолында вагон қараушы болып қызмет атқарыпты. Алмаздың әкесі Мырзағазы Ниханбаев болса Семей локомотив пайдалану депосында ұзақ жылдан бері инженер болып жұмыс істеп келеді.

Алмаз Мырзағазыұлы 1987 жылы 22 шілдеде Аягөз қаласында дүниеге келген. 2004 жылы көпсалалы гимназияны тәмамдаған соң Алматы қаласындағы қазақ жол қатынастары университетіне түседі.  

Алғашқы еңбек өтілін Семей қаласындағы теміржолдан бастаған ол біраз уақыт машинистің көмекшісі болып қызмет атқарады. Бұдан соң білімін жетілдіру мақсатында Павлодардағы оқу орталығында «Тепловоз машинисі» курсы бойынша алты ай дәріс алады. Содан бастап қызу еңбек жолына кіріскенін айтады. Кейін Семей локомотив депосында тепловоз машинисі болып жүрген ол біліктілігінің арқасында Астана қаласынан шақырту алған.

«Кез келген саладағы жетістік оқып білім алу мен қатар қажырлы еңбек арқылы келеді ғой. Мәселен, 2009 жылы төртінші дәрежелі машинист болсам, арада бір жарым жыл тәжірибе алмасқан соң, арнайы сынақ тапсырып, үшінші разрядты маманға ойыстым. Одан үш жыл өткен соң жұмысқа жауапкершілігімді ескерген мекеме басшылығы екінші дәрежелі болу үшін өзім оқыған Павлодар оқу орталығына тағы бір ай оқуға аттандырды. Ал бірінші дәрежелі маманға 2019 жылы Астанада білім жетілдіріп, емтихан сұрақтарынан мүдірмей өткендіктен қол жеткіздім», – дейді машинист.

Білгенін үйретуді машыққа айналдырған еңбек адамы бүгінгі таңда жас мамандарды осы салаға баулып жүр. Күндіз-түн демей еңбек ететін маман иесі жауапкершілік жолында ауа райының қолайсыздығы да кедергі келтірмейтінін айтады.

«Локомотив бригадасы үлкен жұмыс атқарады. «Қазақстан теміржолы» ел экономикасын дамытуға ат салысып келе жатқан мекеме болса, біз де соған мейлінше өз үлесімізді қосуға тырысып келеміз. Жолаушылар мен табысталған жүкті қаладан-қалаға аман жеткізу жолында аянбаймыз. «Бейнетсіз зейнет болмайды» деген. Сондықтан зейнеткерлікке жеткенше елге еңбек етуді борышым санаймын», – дейді Алмаз Мырзағазыұлы.

Алмаздың жұбайы Какима Мұратқанқызы Астанадағы Ұлттық статистика бюросында бас маман болып жұмыс істейді. Бір ұл, бір қыз өсіріп отырған үлгілі отбасы балаларының да елге қызмет қылар азамат болып қалыптасуы жолында тұщымды тәрбие беріп отыр.

 

Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстан ТХКБ-дағы контейнер тасымалын төрт есеге арттырмақ
Әлемде
24.09.2026
Вьетнам Siemens Mobility компаниясынан жүрдек пойыздар сатып алады
Жүк тасымалы
23.09.2026
KTZ Express Үндістанға жасымық жөнелтті
Әлемде
23.09.2026
Қырғызстан Wabtec компаниясынан 10 жаңа локомотив сатып алмақ
Жаңалықтар
23.09.2026
Ақмола облысында Атбасар вокзалын жөндеу аяқталды
Жаңалықтар
23.09.2026
ҚТЖ локомотив паркін қысқы тасымалдауға дайындауда
Әлемде
23.09.2026
CRRC энергия үнемдейтін SmartMetro пойызын таныстырды
Жаңалықтар
23.09.2026
Қазақстан вокзалдары жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты
Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады