Теміржолшы талай жанды аман алып қалды

ҚТЖ келбеті
10.06.2025, 09:05
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Жуырда Ақтау қаласындағы көпқабатты үйлердің біріндегі пәтерден өрт шықты. Әп-сәтте қара түтінге оранған үйдің ішінде көмекке мұқтаж болып шарасыз қалған жандарға алғаш көмекке жеткендердің бірі теміржолшы жігіт еді.

Өрт шыққан үйге өрт сөндірушілерден бұрын кіріп, қызыл жалынмен алысып жүріп адамдарды құтқарғандардың қатарынан табылған Маңғыстау локомотив пайдалану депосының тепловоз машинисі Нұрым Аманов көршілердің үйі өртеніп жатыр дегенді естіген сәтте-ақ оқиға орнынан табылып, тілсіз жаумен күреске кіріскен.

– Өрт шыққан үйге жеткенде кіреберіс қара түтін, іште анасы мен жеткіншек қызы қалғаны белгілі болды. Жанын шүберекке түйген екеуі не үйден шыға алмай, не өртті сөндіре алмай шарасыз халде еді. Сонымен қатар көршілес пәтерде де үрей құшағында қалған адамдар бар. Біз алдымен сол адамдарды пәтерден сыртқа алып шығып, сосын өртті сөндіруге кірістік. Абырой болғанда бәрі аман, ешкім зардап шеккен жоқ. Өрт сөндіру қызметі келгенше қызыл жалынды сөндіріп те үлгердік, – дейді мамандығын бір сәтке өрт сөндіруші, құтқарушы қызметіне ауыстырған теміржолшы.  

Ол Маңғыстау теміржолындағы еңбек жолын 2007 жылы слесарлықтан бастаған. Бір жылдан соң Тараз қаласындағы оқу орталығында білімін жетілдіріп, төрт жыл машинист көмекшісі болды. 2012 жылы Ақтөбеде машинист дайындайтын курстан өтіп, тепловоз тізгіндеді. Қазір Маңғыстау – Сайөтес, Маңғыстау – Жаңаөзен бағытында жүк пойызын жүргізеді. Құдай қосқан қосағымен бірге екі қыз, бір ұл тәрбиелеп отыр.  

Сын сағаты туғанда өз жанын ойламай, өзгені құтқаруға ұмтылған Нұрым Амановтың ерлігін депо басшылығы ескерусіз қалдырмады. Маңғыстау локомотив пайдалану депосының ұжымы және кәсіподақ комитеті атынан адам өмірін құтқарып, азаматтық борышын атқару кезіндегі батылдығы үшін Құрмет грамотасымен және бағалы сыйлықпен марапаттады.  

 

Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл