Машинист екі бірдей апаттың алдын алды

ҚТЖ келбеті
12.06.2025, 11:04
Оқуға 2 мин
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

«Ақтөбе – Алматы» бағытындағы №34 жолаушылар пойызының машинисі екі бірдей төтенше жағдайдың алдын алды.

Оқиға Аспара – Шу учаскесінде орын алған. Тракторшы «пойыз келгенше өткелден өтіп кетемін» деп асыққан. Трактор өтуін өткенмен, артындағы шөп тиелген тіркеме тура жолдың үстінде ажырап қалған. Абырой болғанда, машинист локомотивтің тежегішін тартып, пойызды тіркемеге 2 метр қалғанда шұғыл тоқтатып үлгерген.

Екінші оқыс жағдай Қорағатты – Тәтты аралығындағы қараусыз, реттелетін өткелде тіркеліпті. Бұл жолы теміржолға кенет автобус шығып кеткен. Жолаушылар пойызының машинисі тағы да оқыс тежегішті қолданып, соқтығыстың алдын алды. Автобус жүргізушісі оқиға орнынан қашып кеткен. Ақпарат құқық қорғау органдарына берілді.

Осы оқиға туралы ести сала Жамбыл локомотив пайдалану депосына хабарластық. Депо бастығының пайдалану жөніндегі орынбасары Мәди Қонысбаев «Ақтөбе – Алматы» бағытындағы жолаушылар пойызындағы бригаданың Таразға ауысымдық демалысқа келгенін айтқан соң, машиниспен кездесуге асықтық.

Машинист Марат Абызов пен көмекшісі Бағлан Ермеков көп сөзге жоқ, өз ісін жақсы білетін мамандар екен. Айтуларынша, күндіз-түні, қысы-жазы жолда жүрген 12 жылда алғаш рет осындай жағдайға тап болыпты.  

– Алты жыл машинист көмекшісі болдым, локомотивті тізгіндегенім кейінгі алты жылда. Осы уақыт аралығында бірінші рет пойызды шұғыл тоқтатуыма тура келді. Тіркемеге де, локомотивке де зақым келген жоқ. Бастысы, жолаушылар дін аман. Ешкім наразылық танытпады. Тракторшы 3 минутта тіркемесін тіркеп, жолдан шығарған соң, жүріп кеттік. Шуға графиктен кешікпей, уақытында жеттік, - дейді Марат Абызов.

Машинистің көмекшісі де 11 жылдық еңбек өтілі бар тәжірибелі маман екен. Екеуі де жоғары білімді. 

«Орын алған оқыс оқиға кезінде екеуі де дер кезінде дұрыс шешім қабылдады. Талаптар нұсқауға сай орындалды», - дейді бригаданың нұсқаушысы Ербол Құрбанов.

Теміржол — аса қауіпті аймақ. Қателікті кешірмейді. Ал өткелден асығыс өтемін деудің соңы осындай жағдайға әкеліп соғуы мүмкін. Асығыстық пен салғырттықтың орны толмас зардаптары бар.

 

 

Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті