Жігітке жеті өнер де аз...

ҚТЖ келбеті
13.06.2025, 08:54
Суретті түсірген автор
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Жамбыл жүк тасымалы бөлімшесіне қарасты Ақшолақ станциясының бастығы Әбілсейіт Пашировтың сүйікті хоббиі бар. Бабын жоғалтпаған шабандоз әлі күнге аттан түспей, көкпар шабады.

Бірде Әбілсейіт Тұрсынбайұлынан осынау ұлттық спортқа қалай келгені жайлы сұраған едік.  

– Тоқсаныншы жылдардың тоқырау кезеңі. Бірақ сол бір жұмыссыздық жайлаған қиын-қыстау шақта ұлттық спорт – көкпар десе ішкен асын жерге қоятын ұлтжанды азаматтар көп болатын. Жаппай көкпарға шауып жүргенбіз. Бірнеше жігіт ортадан ақша жинап, көкпардан өтетін жарыстарға барамыз. Командалық көкпарға қатыса бастадық. «Алаугаз» мекемесін басқарған Қайрат Шотбақов деген кісі көкпарға демеушілік жасап жүрді. Алты шабандозды сол мекемеге жұмысқа орналастырды. Сол жылдары Әулиеата көкпар клубын құрдық. Барған жерден жүлдесіз қайтқан жоқпыз. Бүгінге дейін Азияда талай жүлде салған атақты Әулиеата көкпар клубының іргесін осылай қаладық. Былтыр ол команда Қазақстанның 14 дүркін чемпионы атанды. 1996 жылы Жамбылдың 150 жылдығына орай көкпардан үлкен жарыс өтті. Сол додада Әулиеата командасы жеңіске жетті. Марапаттау салтанатында көкпардан ең бірінші болып бізге, жамбылдық 7 жігітке «Еңбек сіңірген спорт шебері» атағын берді. Осы құрамада жүріп, 4 мәрте Қазақстан чемпионы атандым. 9 жылдай көкпардан жаттықтырушы болып жұмыс істедім. «Әулиеата» көкпар клубының президенті, белгілі шабондоз Нұрдәулет Момынов менің шәкіртім, – дейді Әбілсейіт Тұрсынбайұлы.  

Айтпақшы, Әбілсейіт Пашировтың әкесі Тұрсынбай кезінде қазақ-қырғызға аты мәлім атақты шабандоз болған екен. Жерден іліп алған көкпарды қарсыласына оңайлықпен беріп қоймайтын, тақымы тастай, қайратты ойыншының салған салымдарын Жуалы жұрты аңыз қып айтады екен. Тіпті қырғыз ағайындар «бұты дуалы» деп ат қойыпты. Қария бүгінде тоқсанға келсе де, әлі күнге көкпарды тамашалауға барып тұрады екен.  

– Ер жігіт көкпарға жайдан-жай келмейді. Бұл өзі қанмен келетін өнер. Қанында шабандоздық қасиеті бар адам көкпар шаппай тұра алмайды екен. Қазір командалық көкпарға шаппаймын, ал жаппай көкпарға әлі қатысып тұрамын. Анда-санда көкпарға барып тұру үшін ауылда бір ат ұстаймыз. «Атымды көріп жіберші, көкпар шауып берші», дейтіндер көп. Жұбайым «алпысқа келдің, қойсайшы» деп жүр. Бірақ көкпарды қоя алмайсың. Ат дүбірі естілсе, елеңдеп тұрамын, – дейді шабандоз-теміржолшы.  

 

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті