Апаттың алдын алған машинист «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды

ҚТЖ келбеті
24.06.2025, 09:45
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Бейбіт күннің батырлары ортамызда жүр. Олар кәсіби біліктілігінің арқасында адамдар өмірін сақтап, апаттардың алдын алуда. Солардың бірі Тараз локомотив пайдалану депосының 2-класты машинисі Марат Абызов. Ол жолаушылар пойызын жүргізіп келе жатып дұрыс кәсіби әрекет етуінің арқасында өткелде тұрып қалған тракторды соқпай, апаттың алдын алды.

Оқиға жайлы газетіміздің өткен бір санында жазған болатынбыз. Ал кешегі аптада машинист лайықты марапатқа ие болып, «Ерлігі үшін» медалін төсіне тақты.  

Қысқаша тоқтала кетсек, оқиға биыл 7 маусымда Тараз – Шу телімінің 3731-шақырымын күзетілмейтін өткелде болған. Көмекшісі Бағдан Ермековпен бірге №34 Ақтөбе-Алматы пойызын жүргізіп келе жатқан Марат Сәрсенбайұлы өткел бағдаршамы қызыл жанып тұрса да, өтуге асыққан тракторды алыстан аңғарды. Алайда тура жолдың ортасына келгенде трактордың тіркемесі ағытылып, тұрып қалды. Мұны байқаған Марат дереу жылдамдықты азайтып, оны сағатына 63 км-ге дейін түсірді. Соның арқасында ол өткелге 2 метр қалғанда пойызды тоқтатып үлгерді.  

– Бұл жерде жағдай әр секундқа тәуелді болды, мәселен, жылдамдықты 63-ке емес, 64-65 км-ге де түсіргенде өткелдегі тележкаға соқтығысу мүмкін еді. Жоғарғы орында жатқан адамдар құлап, электровозға да зақым келетін еді. Алайда біз оған жол бермедік. Өткелде нұсқаулыққа сай әрекет етіп, 4 минуттан соң межелі бағытқа қарай жүріп кеттік. Жалпы мұндай жағдай 12 жылдық тәжірибемде бірінші рет болып тұр. Осы еңбегімізді бағалап жатқан компания басшылығына алғысымыз шексіз, – дейді машинист жігіт.  

Марат Абызов 1989 жылы Жамбыл облысы Жуалы ауданында туып-өскен. Машинист болу – бала күнгі арманы. Алғаш рет досының көз тартарлық форма киіп жүретін машинист ағасын көріп, бұл мамандыққа деген қызығушылығы оянып, машинист болуға шешім қабылдайды. 2012 жылы локомотив шаруашылығы бойынша жоғары білім алып, еңбек жолын Тараз депосында машинист көмекшісі болып бастайды. 5 жылдан соң білімін жетілдіріп, машинистікке көтерілді. 2023 жылы Астанада оқып екінші класты машинист дәрежесін алған соң жолаушылар пойызын жүргізу құрметіне ие болды.  

Оның ерлікпен пара-пар әрекетін жоғары бағалаған «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС директорының локомотив шаруашылығы бойынша орынбасары Асан Үмбетов осындай мықты мамандар еңбек ететін Тараз локомотив пайдалану депосына білікті кадрлар дайындаудағы еңбектері үшін алғыс айтты.  

P.S Жамбыл облысындағы тілшіміз «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Жамбыл филиалының директоры Айдын Сеитбенбетов бастаған тараздық теміржолшылар Астанадан марапат алып оралған машинист Марат Абызовты әуежайдан зор салтанатпен күтіп алғанын хабарлайды.  

Әулиеата әуежайында бейбіт күннің батырын күтіп алған көпшілік машинистке зор қошемет көрсетіп, өнерлі жас жеткіншектер күмбірлетіп күй шертсе, әріптестері ізгі тілектерін жеткізді.  

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанадағы жолаушы вагондарын шығаратын зауытта болып, «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында жаңа салалық марапаттарға ие болған үздік қызметкерлермен кездескен болатын. Осы кездесуге жолаушылар пойызын апаттан аман алып қалған жамбылдық машинист те куә болып, Президентпен суретке түсу бақытына ие болды.

 

Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда
ҚТЖ келбеті
08.09.2026
Аягөз – машинистер ұстаханасы
Спорт
08.09.2026
Жамбылдық волейболшылар «ЦЖС кубогында» күміс жүлдегер атанды