Қырық жыл кешіккен шындық

ҚТЖ келбеті
27.06.2025, 09:15
Оқуға 2 мин
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Дүйсенғали Бозжігітов - Ақтөбе қаласының тұрғыны. Атырау облысы Мақат ауданының тумасы. Біраз жыл теміржол саласында еңбек етті.

Осыдан қырық жыл бұрынғы оқиға оның өмірінің күл-паршасын шығарып, тағдырын шырғалаңға салған екен. Д. Бозжігітов 1984 жылы ҚазМУ-дың «Саяси экономика» мамандығы бойынша дайындық бөліміне тыңдаушылар құрамына қабылданады. 1985 жылы философия-экономика факультетінің күндізгі курс студенті атанып, студенттік өмірдің қызығы мен шыжығына ден қойған жас жігіт бір жылдан кейін болған атышулы Желтоқсан оқиғасы өмірін түбегейлі өзгертетінін әрине, білген жоқ.  

Ол 1986 жылы Алматыдағы Желтоқсан оқиғасына қатысқан, сол кезде қуғын-сүргінге ұшыраған студенттердің бірі болды. 2 курс студенті “қоғамдық тәртіпті бұзды” деген айыппен университеттен оқудан шығарылған.  

«1986 жылғы оқиғадан кейін еш жер жұмысқа алмады. Ауылыма бара алмадым. Осы Ақтөбеге келдім, содан осында тұрақтап қалдым. Темір жол саласында, депода слесарь болып жұмыс істедім, қиын қыстау күндері теміржолшылар демеу болды. Кейін үзіліп қалған оқуымды қайта жалғастырып, жоғары білім алдым, бірақ қанша жыл өмірім сергелдеңмен өтті»,– деп еске алады ол өткен күндерді.  

Бүгінде 64 жастағы Дүйсенғали Бозжігітов 39 жылдан кейін өзіне заңсыз қысым жасалғанын дәлелдеп шықты. Ақтөбе соты 39 жыл бұрынғы оқиғаға қатысты қаулы шығарды. Сот оны Желтоқсан оқиғасының құрбаны деп таныды. Желтоқсаншы енді моральдық-материалдық шығын өндіру туралы азаматтық арыз дайындап жатыр.

 

Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл