Әр секунд қауіп-қатерге толы

ҚТЖ келбеті
31.07.2025, 09:15
Оқуға 2 мин
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Теміржолшы-электромонтер Самат Тіленғұсовтың әр күні қауіпке толы.  «Никельтау-Қандыағаш» учаскесінде пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапты маман 10 мың вольттық электр желісімен жұмыс істейді.  

Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесінің Никельтау – Қандыағаш учаскесінің электромонтері Самат Тұрғалиұлы – дистанциядағы тәжірибелі мамандардың бірі.  

«Жоғары кернеулі тоқпен жұмыс істейміз. 10 мың вольт. Әр секунд қауіп-қатерге толы. Қателесуге хақың жоқ, титтей қатеге өміріңмен жауап бересің. Күн сайын осы қауіппен бетпе-бет келеміз. Әр құрылғымен жұмыс істеудің бекітілген тәртібі бар. Рұқсатнама алынады. Онда қандай кернеулі қуат көзімен жұмыс жасауға мүмкіндік берілгендігі  көрсетілген. Біздер, электромонтерлер, тәуекелге толы әр күннің сәтімен өткенін тілейміз», – деді кейіпкеріміз.  

Электромонтер биылғы көктем кезіндегі жұмыстары ерекше қиын болғанын айтады. Көктайғақ кезінде желіні тазалау жұмыстарына белсене қатысқан. Сонымен қатар Жазық станциясындағы трансформаторлық қосалқы станцияны су басудан қорғап қалған. Ал қыстың күндері желіге мұз қататын кездер аз емес. Бұл кезде де жұмыс тоқтаусыз жүреді. Дер кезінде желіге қатқан мұзды қағып отырмаса, сым үзіліп кетуі мүмкін.    

 «Әрине, ондай жұмыстар көп. Көктем мен қыста уақытпен санаспайтын кездер болады. Қажет болса түнде де шығуға тура келеді. Негізгі міндетіміз – күні-түні тынымсыз ағылып жатқан пойыздар қозғалысын тоқтатпау, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету», – дейді кейіпкеріміз.    

Биыл 60 жасқа толатын электромонтердің бос уақытындағы ермегі екі баласынан тараған бес немересінің тәрбиесі екен.  

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды