Құрметке лайық Күнсұлу

ҚТЖ келбеті
01.08.2025, 10:22
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Қырық екі жыл темір жолда тер төгіп келе жатқан Күнсұлу Оразбаева «Құрметті теміржолшы» төсбелгісімен марапатталғанда қуанбаған жан қалған жоқ. Күнсұлу – қандай құрметке де лайық десті әріптестері бірауыздан.

Айтса айтқандай, Күнсұлу Мақашқызы Алматы-1 станциясында ұзақ жылдан бері тапжылмай пойыз қабылдаушы болып абыроймен еңбек етіп келеді. 1982 жылы Алматыдағы теміржолшылардың балалары оқитын №46 мектеп-интернатты бітірген жас қыз отбасылық жағдайына орай әрі қарай оқуға мүмкіндігі болмай бірден станцияға келіп жұмысқа орналасады.

 – Ол кезде вокзал, станция қызметкерлері – бәрі бір жерде отыратын. Мені пойыз қабылдаушы етіп қабылдады. Содан бері көзді ашып жұмғанша қырық екі жыл өтіпті. Енді санаулы айлардан соң зейнетке де шығады екенмін. Жұмысымды одан әрі жалғастыруыма ұсыныс та бар. Бірақ жастарға жол беремін деп шештім. Олар да өссін, еңбек етсін. Ал мен немере бағып, ел көріп, жер көріп, қырық жылғы бейнеттің зейнетін көрем деп шештім, – деп ағынан жарылды кейіпкеріміз.  

1992 жылы сәбилі болып, аз-кем үзілістен кейін жұмысқа қайта оралған Күнсұлуды станция бастығы С.Тұрлыбеков шақырып алып, «Коммерциялық тексеру пунктінің жұмысы ақсап жатыр, соны өзің қолыңа ал» деп пойыз қабылдаушылар бригадирі етіп тағайындайды. Отызға жуық адам жұмыс істейтін ұжымның басты міндеті жүктердің сақталуын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету болатын. Сол жылдары жүк вагондарына қойылған пломбаның бұзылуы, сәйкесінше жүктің ұрлануы көбейіп кеткен.  

– Біз әскерилендірілген күзет қызметімен қоян-қолтық жұмыс істейміз. Олар жүк пойыздарына ілеспе күзет қызмет көрсетеді. Қай вагонда пломба алынып қалса немесе бұзылса, бізге хабар береді. Біз сол вагондағы жүкті бақылауға аламыз, нұсқаулыққа сәйкес полиция шақырамыз, керек кезінде вагонды ағытып алып, ондағы жүкті тексеріп, акт жасаймыз. Бірақ вагон екі күн ішінде жөнелтілуі тиіс, тұрып қалса, қып-қызыл шығын. Қазір біздің міндетімізге техникалар тиелген, габаритті жүктер тиелген вагондарды да қабылдап алып, олардың қауіпсіз қозғалысын қадағалау да кірді. Мәселен, былтыр батыс өңірін су басқанда сол жаққа техникалар жіберіп, кейін кері қайтқанда оларды қабылдап алып, шашау шығармай жеткізіп бердік. Бұл жұмыстың басы-қасында жүріп, жұдырықтай жұмылған біздің ұжымның еңбегі шын мәнінде орасан еді. Сол еңбегіміздің еленгені болар және қырық жылғы еңбегімнің өтеуі шығар, өткен жылы Көлік қызметкерлері күні қарсаңында «Құрметті теміржолшы» белгісін елордада Компания басшысы өзі табыстады, – деді кейіпкеріміз.  

Күнсұлу Мақашқызының қоғамдық жұмысқа да белсене атсалысатын елгезектігі көптің көңілінен шығады.1985 жылы ол халықтың ұсынуымен Алматы қаласы Айнабұлақ шағын ауданына депутаттыққа сайланып, жерлестерінің сенімін ақтап көп жұмыс жасапты. Ал 1988 жылдан 1992 жылға дейін кәсіподақ төрайымы болып, әріптестерінің әлеуметтік мәселелерін шешуге тырысқан.  

 

Әлемде
26.08.2026
Иран мен Ауғанстан арасында жүк тасымалы 8 есе өскен
Жүк тасымалы
26.08.2026
ҚТЖ желісімен 8 млн тоннадан астам астық тасымалданды
Әлемде
26.08.2026
Болгарияда Skoda Group электропойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Әлемде
26.08.2026
Жапонияда Токио – Нагоя маглев желісінің құрылысы қайта жандануы мүмкін
Жаңалықтар
26.08.2026
Қазақстанда қала маңы электр пойыздары жаңартылады
Жаңалықтар
25.08.2026
Бурабай курортының теміржолшысы 100 жылдық мерейтойын атап өтті
Жүк тасымалы
25.08.2026
ҚТЖ жаңа жылыту маусымына 19,5 млн тоннадан астам көмір жеткізді
Инфрақұрылым
25.08.2026
Алпыс сағаттық ауқымды жұмыс
Аймақтар
25.08.2026
Үздік жолшылар ұжымы – Құлсарыда
Аймақтар
25.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар жүк тасымалын табысты үйлестіріп отыр
ҚТЖ келбеті
25.08.2026
Қауіпті ақауды дер кезінде таныған маман
Әлеумет
25.08.2026
Ізгі дәстүр: Теміржолшылар бірінші сыныпқа баратын балаларға қолдау көрсетті
Аймақтар
25.08.2026
Ұрлық түбі – қорлық
Жаңалықтар / Мұрағат
25.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №67 25 тамыз 2026 жыл
Қауіпсіздік
24.08.2026
Қауіпсіздікке талап қашан да жоғары
Әлеумет
24.08.2026
Жамбылда 235 бүлдіршінге мектеп құралдары берілді
Жаңалықтар
24.08.2026
ҚТЖ Trip Optimizer және Kinetix-ті қолдануды кеңейтеді
Трансформация
24.08.2026
Олжас Бектенов көлік саласының трансформациясын тексерді
Жүк тасымалы
24.08.2026
Елімізде теміржол транзитін автоматтандыру аясы кеңейді
Жаңалықтар
24.08.2026
Қазақстан теміржол транзитін рәсімдеуді алты есе жылдамдатты