Теміржолшының анасына арналған алғыс

ҚТЖ келбеті
03.08.2025, 20:56
Оқуға 2 мин
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Сағаткүл апаның қолында жаңа ғана ұлының батылдығы үшін берілген Алғыс хат! Сыртынан аялай сипап, қасында қолтығынан демеп келе жатқан Ермұратына қарап қояды. Құшағы гүлге толып, өзіне көрсетілген осынша құрмет пен қошеметке көңілі тоқ. Қазақы шапан кигізіп, иығына орамал жауып, өзіне көңіл бөлгенге шаттанған анасының жүзін көріп, ұлы да разы.

Теміржолшылардың кәсіби мерекесіне арналған салтанатты жиында көрсетілген құрмет пен қошемет, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның Басқарма төрағасы Талғат Алдыбергеновтің атынан тапсырылған Алғыс хат теміржолшының анасына арналған еді. Осы бір көрініс көптің көңіліне ерекше әсер сыйлады. Қаншама жүрекке жылуын дарытып, іштей тебірентті.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның Басқарма төрағасы Талғат Алдыбергеновтен келген Алғыс хат былай деп басталады:

«Құрметті, Сағаткүл Рақышқызы!

Ананың жүрегінен тараған мейірім мен тәрбие адам тағдырын қалыптастырады дейді. Осындай жүрек тәрбиесін көрген жанашыр да батыл азамат – сіздің ұлыңыз Ермұрат мен үшін нағыз ерлік пен адамгершіліктің бейнесіне айналды. Ол тек Жамбыл жол дистанциясы бастығының орынбасары ретінде ғана емес, сын сағатта тайсалмай әрекет ететін, қауіптің алдын алып, өзгеге араша түсе алатын нағыз теміржолшы, нағыз азамат ретінде танылды»...

Бұл оқиға Тараз қаласындағы «Барысхан» тұрғын алабында болған. Көшеде келе жатқан қаршадай қыз қабаған 5 иттің қоршауында қалады. Қараусыз жүрген иттердің талауына түсіп, шырқыраған қыздың дауысын естіп қалған Ермұрат Жолмаханұлы бірден көмекке ұмтылады.  

Топ иттің талауынан құтқарған теміржолшы туралы әлеуметтік желіде жазбалар көп таралды.  

«Ермұраттың бойындағы парасат пен ерлік – сіздің үлгілі тәрбиеңіз бен отбасыңыздағы рухани құндылықтардың жемісі деп білемін. Сізге мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, амандық тілеймін», - деп жазылған теміржолшының анасына арналған Алғыс хатта.

Тараздық Сағаткүл Рақышқызы – ұл-қыздарын тәрбиелеп өсіріп, бүгінде немере көріп, шөбере сүйіп отырған бақытты ана. Ұлы Ермұрат Дәрібаев Жамбыл жол дистанциясы бастығының орынбасары болып қызмет етеді. Жұмысқа деген жауапкершілігінің жемісін көріп жүр.

 

Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті