Қас қағым сәт, қырық жыл...

ҚТЖ келбеті
05.08.2025, 10:27
Оқуға 3 мин
Суретті түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Бақай станциясында 40 жыл кезекшілік еткен Әсия Ильясованың еңбегі көпке үлгі. Қауіптің алдын алып, бекетті өрттен аман алып қалған ол теміржолшы мамандығы өзіне келіндік статуспен келгенін жасырмайды.

Әсия Ильясова – теміржолшылар династиясының өкілі, шынын айтқанда сол әулеттің келіні. Ол 40 жыл Бақай станциясында тапжылмай еңбек етті. Ақтөбе жүк тасымалы бөлімі теміржолшының тиянақтылығы мен қырағылығын жоғары бағалайды. Бақай станциясының кезекшісі ақпаратты дер кезінде жеткізіп, бекет ғимаратындағы өрттің алдын алған ерлігі де ескерусіз қалған жоқ.  

«Бұл жақында болған жағдай. Сол кезде жұмыста едім. Оқиғаны көрген бойдан бірден хабар бердім. Қауіптің алдын алуға барынша әрекет жасадым. Басшылық та, өрт қызметі де дер кезінде келді», – деді кейіпкеріміз.  

Әсия Ильясова 60 жаста. Хромтау ауданы Мағаджан ауылының тумасы. 1985 жылдан теміржол саласында еңбек етеді. Кезінде Бақай станциясына станция кезекшісі болып жұмысқа орналасқанда небәрі 20 жаста еді. Оқудан кейін алты ай тәжірибелі теміржолшылардан практикалық білім алды. Кейін жұмысқа қабылданады. Биыл қарашада станция кезекшісі болып жүргеніне бақандай 40 жыл.  

Жолдасы Ғани Ильясов 20 жыл осы станцияны басқарды. Еңбек жолын қарапайым жолшы болып бастаған. Отбасылық жағдайға байланысты станция кезекшілігіне ауысқан. Ата-енесі де 40 жылдан аса темір жолда еңбек еткен адамдар. Бар ғұмырын теміржолға арнаған. Қазір олардың еңбек жолын осы балалары жалғастыруда.  

Кейіпкеріміздің бұл саладағы еңбек жолының басталуы да қызық. 20 жастағы қаршадай қыз теміржолшылар отбасына келін болып түсіп осы шаңырақтың ғана емес, осы саланың табалдырығынан аттаған. Сол кезден бастап теміржолшы деген статус алғанын еске түсірді.  

«Теміржолшылар отбасына келін болып түсіп, станцияға жұмысқа кірген соң үлкендердің ақылымен қосымша оқыдым, білім алдым. Себебі ауылдық жерде басқа жұмыс табу қиын. Теміржолшы болу – тұрақтылық, жұмыспен қамтылу еді. Өміріміз осы темір жолдың бойында өтіп жатыр. Темір жол біз үшін жай мамандық емес. Ол – өмір. Біздің әулеттің тарихы. Титтей болсын сол саланың бір бөлігіміз. Кезінде осы әулетпен, осы мамандықпен табыстырған тағдырыма ризамын», – деді ол ағынан жарылып.  

Ол 40 жыл бұрын шағын станция арқылы пойыздар өте көп өтетінін еске алды. Бір ауысымда 20 пойыз қабылдап, жіберген. Бақай станциясында қазір 3 жол. Бұрын тұйықтарды қосқанда 8 жол болған. Станция бастығын қосқанда 6 адам жұмыс істейді. Бір отбасы секілді. Әркімнің міндеті, жауапкершілігі бар. Қазір заман талабына сай станциядағы қондырғылар жаңартылған. Толықтай автоматтандырылған жүйемен жұмыс істейді. Бұл жерден Тальго пойызы, қалаішілік, жүк, жолаушылар пойызы өтеді. Станция шағын ауылдың жүрегі секілді. Дем беріп тұр. Ал Әсия шағын станцияның сол тіршілігіне өз үлесін қосып отырғанына дән риза.  

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды