Бибігүлдің жүрек қалауы

ҚТЖ келбеті
19.08.2025, 10:05
Суретті түсірген автор
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Бала арманы – әнші, әке-шеше ақылы – есепші, ал жүрегі жолсерікті таңдаған еді. Түптің түбінде жүрек таңдауы жеңіп, жолсерік болды. Бүгінде осы қызметтің көрігін қыздырып жүргеніне 30 жылға таяпты. Бибігүл Өмірзаққызын әріптестері өз орнын тапқан маман деп біледі.

Балалық шағы кіндік қаны тамған Ақмола өңіріндегі Құдықағаш ауылында өткен қыз өнердегі Бибігүл апасына еліктеп, ән салатын. Әнші болсам деп армандайтын. Бірақ ата-ана ақылына құлақ асып, әнші болу арманын балалық шағына қалдырған, Бибігүл есепші мамандығын алып, еңбек жолын ПМК-401 мекемесінде бастады. Алайда өмір ағысы басқа арнаға бұрып, оны теміржолға алып келді.  

1998 жылдың 20 қаңтарында алғаш рет жолсерік ретінде сапарға шыққан Бибігүл сол күнді әлі күнге ұмытқан емес. Аязды күн, аз жолаушы, алғаш рет киген қызметтік форма – бәрі ерекше әсер қалдырған еді.  

– Басында жүрексіндім. Бірақ өзіме-өзім сеніп, бұл жолдан қайтпауға бел будым. Әр рейс – жаңа оқиға, маған қатты ұнайтын, – дейді ол.  

Теміржол саласында жиырма жылдан астам уақыт еңбек еткен ол электропойыздардан бастап, қала маңындағы жолаушылар пойыздарына дейін қызмет етті. Бағдар әркелкі болғанымен, жолаушыға қызмет бірдей.

Жолсеріктің жұмысы тек билет тексерумен шектелмейді. Оның ішінде жауапкершілік, тәртіп, адами қарым-қатынас жатыр. Сондықтан да кейіпкеріміз үнемі білімін жетілдіріп, біліктілік курстарына қатысып отырады. Курстарда ұмыт қалған ережелерді еске түсіріп, әріптестермен тәжірибе алмасады.  

Биылғы жыл Бибігүл үшін ерекше сәттерге толы болды. Ол «Үздік жолсерік» белгісімен қатар көпжылғы еңбегінің құрметіне «20 жыл» күміс белгішемен марапатталды. Еңбегін ескерген басшылыққа алғысы мол. Десе де, Бибігүл Өмірзаққызы үшін ең үлкен марапат – жолаушының алғысы.  

Кейіпкеріміз жол бойында адам өмірімен байланысты түрлі жағдайлар болып жататынын айтады. Бірде жас келіншектің пойызға отырғаннан кейін толғағы басталыпты. Жолсеріктің жылдам әрекетінің арқасында жедел жәрдем шақырылып, болашақ ана аман-есен дәрігерлер қолына тапсырылған.  

«Босану уақыты басталып кеткен соң өзіміз қабылдауға дайын тұрдық, абырой болғанда дәрігерлер келіп үлгерді», – дейді сол сәтті еске алып.  

Айтпақшы, Бибігүл бір кезде балалық шағында қалдырған әншілік өнерін де өрге алып шыға білді. «Алмагүл» фольклорлық ансамблінде ән салып, сахнаға да шықты. Ал бос уақытында шаңғы теуіп, орманда серуендегенді, суда жүзгенді ұнатады. Жұмыста – жолсерік, сахнада – әнші, үйде – әже.  

«Өмірімді қайта бастасам, бұл мамандықты тағы таңдар едім. Жолсерік – жәй жұмыс емес, өмірлік жол. Сабырлық, төзімділік, жауапкершілікті талап етеді, ең бастысы адамдармен дұрыс қарым-қатынасты қалыптастыратын кәсіп», – дейді Бибігүл өз қызметіне риясыз көңілін білдіріп.  

 

Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
26.09.2026
Автоматика жүйесін жаңғырту жалғасуда
Аймақтар
26.09.2026
Желі бойында жүйткіген «жедел жәрдем»
Жаңалықтар
26.09.2026
ҚТЖ Әзірбайжан халықаралық инвестициялық форумында ТХКБ-ны дамыту перспективаларын ұсынды
Қауіпсіздік
26.09.2026
Ақтөбе бөлімшесінде 115 теміржол нысаны тексерілді
Жаңалықтар
26.09.2026
Тәжірибелі тәлімгер тағылымы
Қауіпсіздік
26.09.2026
13 бас малды қағып кетті
Аймақтар
26.09.2026
Таразда болашақ теміржолшыларға қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Аймақтар
26.09.2026
Мыңнан астам қызметкер формалық киіммен қамтылды
Әлеумет
26.09.2026
Инклюзия күні: теміржолшылар ерекше балалармен баскетбол алаңында кездесті
Жаңалықтар / Мұрағат
25.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №76 25 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстандық делегация Бейжіңнің Оңтүстік вокзалының жұмыс тәжірибесін зерттеп білді
Жүк тасымалы
24.09.2026
«Теміржолсу» нысандарды қысқа дайындауды аяқтауда
Жаңалықтар
24.09.2026
Астана-1 вокзалы қайта жаңартудың соңғы кезеңінде
Әлемде
24.09.2026
Еуропалықтар соңғы он жылда алғаш рет автобусқа қарағанда пойызбен жиі қатынаған
ҚТЖ келбеті
24.09.2026
58 жылдан кейінгі кездесу
Спорт
24.09.2026
Теміржолшылар мерейтой иесіне турнир арнады
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстан ТХКБ-дағы контейнер тасымалын төрт есеге арттырмақ
Әлемде
24.09.2026
Вьетнам Siemens Mobility компаниясынан жүрдек пойыздар сатып алады
Жүк тасымалы
23.09.2026
KTZ Express Үндістанға жасымық жөнелтті