Салауатты өмірді серік еткен отбасы

ҚТЖ келбеті
02.09.2025, 16:25
Суретті түсірген автор
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Жалпы теміржол саласында жұмыс істейтіндер дәлдік пен есепті біледі, тек техниканың ғана тілін түсінеді деп ойласаңыз, қателесесіз. Сала мамандарының көпшілігі шапшаң ойлау қабілетіне ие, рухани жандүниесі бай, өнерге жақын. Ануар Ақылбеков – сондай сегіз қырлы, бір сырлы азаматтың бірі.

Ол – Жамбыл локомотив пайдалану депосында он бір жылдан бері электровоз машинисі. Ал осы депода тасымалдау құжаттарын өңдеу жөніндегі оператор болып жұмыс істейтін Ануардың жұбайы Жансая Дәрменқұлова да өнерден құралақан емес. Өз міндетіне жауапты, отбасындағы тірлігін де шашау шығармай, шаңырақтың шырайын кіргізіп отыр.

Салауатты өмір салтын ұстанған, сергектікті серік еткен отбасы жақында теміржолшылар арасында өткен «Әкем, анам және мен» атты республикалық байқаудан 2-орынды олжалап оралды. Қазақстанның барлық аймағынан 22 команда қатысқан жарыста жүлдегер атанып, 120 мың теңгенің сертификатын жеңіп алды.

– Байқаудың ережесі бойынша жарысқа бір ғана балаңызбен қатыса аласыз. Ұлым Инсар биыл 7-сыныпқа көшті. Қазіргі жеткіншектер жаңа технологияның тілін бізден артық меңгерген ғой. Шапшаң ойлайды, тез шешім қабылдай алады. Жарыс талаптарына сай берілген тапсырмаларды белгілі бір уақытта орындап бітуіңіз керек. Ерте аяқтасаңыз, тіпті жақсы. Ұпай жағынан қарсыластарыңнан алда тұрғаныңызға сенімді боласыз. Инсар сол жағынан бізге көп көмектесті. Жалпы осындай байқаулар баланың бойына отбасылық құндылықтар деген ұғымды сіңіре түседі. Сондықтан дәстүрлі түрде өткізіліп тұратын жарыс жалғасын таба берсе деп тілейміз, – дейді Ануар Ақылбеков.

 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады