Еңбек елеусіз қалмайды

ҚТЖ келбеті
05.09.2025, 09:10
Суретті түсірген автор
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Конституцияның 30 жылдығына орай Жамбыл өңірінде салтанатты жиын өтті. Онда «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС «Жамбыл ЖТ бөлімшесі» филиалы Талас станциясының пойыз құрастырушысы Марат Нұрикеевке «ІІІ дәрежелі Еңбек даңқы» ордені табысталды.

Мерекелік іс-шарада Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев өңірдің дамуына үлес қосып жүрген түрлі сала өкілдеріне, оның ішінде қарапайым еңбек адамдарына мемлекеттік наградалар тапсырды.  

– Биыл Жұмысшы мамандықтар жылына орай еңбек адамдарына көп көңіл бөлінуде. Қарапайым кәсіп иелерінің мерейі артып жатыр. Олардың арасында теміржолшылардың бары қуантады. Теміржол саласы – тұрақты табыстың көзі. Еткен еңбек елеусіз қалмайды, – дейді Марат Нұрикеев.  

Пойыз құрастырушының сөзі негізсіз емес екен. 1991 жылы Тараз теміржол көлік және коммуникация колледжін бітірген соң, Талас станциясында орталық сигнал бұғаттаушысы болып жұмысқа орналасқан жас маман екі-үш жылдан кейін басқа салаға ауысады.  

Тоқсаныншы жылдардағы тоқырау кезеңдегі көпке таныс жағдай ғой. Араға біраз жыл салып, 2011 жылы әулетіне кәсіп болған теміржол саласына қайта оралыпты. Содан бері Талас станциясында пойыз құрастырушы.  

– Біз – теміржолшы әулетіміз. Атам да, әкем де, анам да Талас станциясында еңбек еткен. Әкем марқұм зейнетке шыққанша жол бригадирі болды. Анамның да сіңірген еңбегі бар, станцияда жүк қабылдап-өткізушінің қызметін атқарды. Қазір зейнеттік демалыста. Өзім де қайта айналып осында келдім. Алған марапатым – адал еңбектің өтеуі, – деп қуанышымен бөлісті марапат иесі.  

 

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті