Адал еңбек – ардың ісі

ҚТЖ келбеті
19.09.2025, 09:00
Суретті түсірген автор
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Күректей қырық бір жыл табан аудармастан темір жолда тер төгіп, адал еңбек етіп жүрген теміржолшының бірі – Махмұт Шаранов. Еңбек жолын сонау 1984 жылы Жарма станциясында 1-ші дәрежелі жол монтерінен бастаған ол қазір де жұмысын осы жерде механикалық-шеберлік цехында 6-шы дәрежелі тракторшы болып жалғастыруда.

Оның қоржынында Жаңа-Семей жол дистанциясы, Семей магистральдық желі бөлімшесі басшылығынан алған алғыс хаттар, грамоталар, дипломдардан басқа жоғары наградалар жоқ. Бірақ бұл оның жоғары білікті маман екеніне қылау түсіре алмайды. Кейіпкеріміз кейбір адамдар құсап титтей еңбегін бұлдап, үлкен наградалар сұрап та көрген емес.  

Адал еңбек – ардың ісі қағидасы, оның өмірлік ұстанымы. Қашанда барға қанағат, жоққа сабыр еткен қарапайым еңбек адамының өзіндік жүріп өткен еңбек жолы бар. Сонымен, Жарма станциясына жол монтері болып жұмысқа тұрған Махмұтты жарты жылға жетер жетпес уақытта Отан алдындағы борышын өтеуге әскерге алып кетеді. Екі жылдан соң елге оралған ол Шар локомотив депосына машинист көмекшісінің дублері болып жұмысқа тұрып, кейін машинист көмекшісі болады.  

Алайда, ол бір жылдан соң Жарма жол дистанциясына жол монтері қызметіне қайта оралады. Бір кездері теміржолдан тыс басқа бір кәсіпорында жұмыс істеп көруге талпынады. Бірақ, үйреніп қалған темір жолына бүйрегі бұрып, қайтып келеді. Жұмыс барысында әртүрлі ауыс-түйістер болғанымен, ол темір жолға тастай батып, судай сіңгендер қатарынан табылады.  

Аягөз станциясында вагонжинау цехында слесарь, тракторшы, көпір цехының жасанды құрылыс жөндеушісі, жол монтері сияқты түрлі қызметтер оның түрлі салада тәжірибе жинап, бесаспап маман ретінде шыңдалуына септігін тигізбесе, кері әсерін тигізген емес.  

Әріптестері Махмұт Шарановтың өз ісіне тиянақты, еңбекте адал, жауапкершілігі мол азамат екенін айтады. Ал Махмұттың өзі болса, еңбектің өзгелер алдында еленіп-еленбегені маңызды емес, өзінің ары алдында таза болуы үшін адал еңбек етуі маңыздырақ деп санайды.  

 

Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты