«Жыл машинисі» анықталды

ҚТЖ келбеті
23.10.2025, 11:43
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Жұмысшы мамандықтары жылы аясында және 25 қазан – Республика күні мерекесіне орай Семей ЖТ бөлімшесіне қарасты Семей локомотив пайдалану депосында «Жыл машинисі» үздіктер байқауы ұйымдастырылды.  

Басты ерекшелік сол, байқаудың талаптары өте қатаң болды. Атап айтсақ, тепловоз машинисі қызметінде ең кемі бір жылдан кем емес еңбек өтілі бар әрі осы уақыт аралығында бірде-бір рет маневрлік жұмыс барысында ақаулықтарға жол бермеген үлгілі теміржолшылар ғана қатысуға мүмкіндік алды. Бұл орайда арнайы құрылған комиссия мүшелерінің ұзақ уақыт талқылауынан соң Семей ТЧЭ-24 мекемесінен бес, ТД-18 Дегелең айналым депосынан бір тепловоз машинисі байқауда бақ сынауда жолдама ала алды.  

Ал байқау басталған күні барынша даярлықпен келген машинистер  қатаң талапқа негізделген сыннан өтті. Депо басшысының орынбасары Жанат Ахметовтің алғысөзі мен құттықтау лебізінен соң бәйгеге  түскелі отырған машинистерге тест сұрақтары ұсынылды. Десек те, ең күрделі тапсырмалар парактикалық жұмыс кезінде берілді. Байқауға қатысушылар комиссия мүшелерінің тепловоз конструкциясының бөлшектері бойынша қойылған сауалдарына жауап беріп, оны көрсетіп берді. Сондай-ақ автотежегішті меңгеру бойынша білім-білік деңгейлерін де сынға салып, әсіресе пойыз қозғалысының қауіпсіздігін сақтау мен стандартты емес жағдайларда әрекет ету жайлы сұрақтарға жауап қайырды.

Жалпы, байқау барысында машинистер қауымы еңбекті қорғау нұсқаушысы, аға машинист-нұсқаушы және цех комитеті төрағасының да сынақтарынан өтті.

Айта кетерлігі, комиссия құрамындағы жеті адам байқау қатысушыларына арнайы балл бойынша бағалар белгілеген болатын. Осылайша, жиналған ұпай санын есептеп, қорытындылай келе, Семей локомотив пайдалану депосы бойынша «Жыл машинисі» байқауының жеңімпазы болып тепловоз тізгіндеген Ерлан Дюсенбинов лайық деп танылды. Жұлдызы жанған жеңімпазға депоның кәсіподақ ұйымының демеушілігімен 30 мың теңге сыйлық тарту етілді. Сондай-ақ екінші және үшінші орын алған машинстерге де кәсіподақ тарапынан арнайы тарту-таралғылар жасалды.

Байқау комиссиясының мүшесі Серік Дүйсенбаевтың айтуынша, бұл сын мекеме ішіндегі іріктеу кезеңі. Жеңімпаз атанған үздік үштікті алдағы уақыттарда бұдан да үлкен бәсекелер күтіп тұр. Яғни бұл  сайыс жергілікті локомотив шаруашылығының майталмандарын   ынталандырып, кәсіби тұрғыдан шыңдап, жаңа биік-белестерге жетелей түседі деген сөз.  

 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады