Ақмаралдың алғашқы жеңісі

ҚТЖ келбеті
24.10.2025, 08:55
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

«Жұмысшы мамандықтар жылы» Жамбыл жүк тасымалы бөлімшесіне қарасты Шу локомотив пайдалану депосының жылдамдық өлшегіш таспаларды тарқату инженері Ақмарал Жақаева үшін табысты болды.

Он төрт жылдан бері теміржол саласында білімі мен біліктілігін қатар шыңдап, абыроймен еңбек етіп келе жатқан ол жуырда Астана қаласында өткен «Жас үздік маман-2025» республикалық байқауында үздіктер қатарынан көрініп, 3-орынды олжалап оралды.  

Жоғары оқу орнын бітірген дипломды маман еңбек жолын қарапайым нарядшыдан бастаған. Одан кейінгі жылдарда аспапшы-слесарь, ГСМ есебінің технигі болып түрлі бағытта жұмыс істеген Ақмарал Жақаева үш жылдан бері таспаларды тарқатушы инженер болып қызмет атқарып келеді.  

– Темір жол – елдің күретамыры, бұл саладағы кез келген жұмыс үлкен жауапкершілік пен дәлдікті талап етеді. Әр жылдарда атқарған қызметтерім маған жауапкершілік пен ұқыптылықты үйретті. Мұндай қасиет әсіресе таспаларды тарқатушы маманға аса қажет. Біздің жұмысымыз күн сайын теміржол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етумен тікелей байланысты. Сондықтан әр дерек пен мәліметті мұқият талдап, дұрыс қорытынды шығаруға тиіспіз, – дейді Ақмарал Есімханқызы.  

«Жас үздік маман» байқауының жүлдесі оның теміржол саласындағы алғашқы жеңісі екен. Білім мен біліктілік сынға түскен жарыс жас инженер үшін үлкен тәжірибе мектебі болыпты.  

– Байқау жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Қатысушылар өз саласы бойынша білімін, тәжірибесін және кәсіби шеберлігін көрсетті. Мұндай байқаулар жас мамандарды шыңдайды, ізденуге, өз-өзін дамытуға және кәсібіне деген сүйіспеншілікті арттыруға үйретеді. Алдағы уақытта өзімді одан әрі жетілдіріп, теміржол саласының дамуына үлес қосуды мақсат етемін, – дейді Ақмарал.  

Ақмарал Есімханқызының өмірде жасаған ең маңызды қос таңдауы да темір жолға қатысты екен. Жұбайы машинист, екеуі бүгінде төрт бала тәрбиелеп отыр.  

 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады