Аралдың ару қызы

ҚТЖ келбеті
16.12.2025, 11:59
Оқуға 1 мин
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Жастар форумында Арал теңізі станциясы вокзалының кезекшісі Зәмзәгүл Қарақұлова ерекше белсенділігімен ғана емес, өнерімен де көзге түсті.

«Өңірлер бет-бейнесі» байқауында Қызылорда командасы өнер көрсеткенде сахнаға жарқ етіп шыққан Зәмзәгүлдің әні көрерменді бірден баурап алды. Сахнада өзін ұстауы, биі мен сымбаты оны нағыз жұлдыз етті. Бірақ Зәмзәгүл бала кезден әнші болуды емес, теміржол саласында қызмет етуді армандапты. Алматы қаласындағы Қазақ қатынас жолдары университетін бітірген.  

– Алғаш еңбек жолымды 2012 жылы Астанада, Вокзал-сервисте жолсерік болып бастадым. 2017 жылы Арал теңізі вокзалына вокзал кезекшісі болып қызмет ауыстырдым. Көпшілікпен жұмыс істейтін болған соң жауапкершілік жоғары. Қиындығы да жоқ емес. Бірақ сонысымен қызық. Өзімнің жұмысымды жақсы көремін. Өзімді Қазақ темір жолының бір бөлшегімін деп білемін, – дейді Зәмзәгүл.  

Форумның «Теміржол білгірлері» интеллектуалдық ойынында теміржолшы арудың әншілік өнерінен бөлек ақындық қыры да танылды. Жұмысына ұқыпты, ортасына сыйлы, отбасында аяулы жар. Қоғамдық жұмыстарға белсене араласатын кейіпкеріміз волонтерлік қырымен де танылып, бұл ісін ҚТЖ-да да көрсетіп жүр. Сол еңбегі үшін ол форумда «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Талғат Алдыбергеновтің қолынан «Корпоративтік волонтер» дипломын алды.

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды